A- A A+
Облыс орталығында қалалық тамыз кеңесі өтті

Тамыз кеңесiнде қарастырылған басты мәселелердiң бiрi — бiлiм сапасын арттыру. 2016 жылдан бастап 1-шi сынып оқушылары жаңартылған бiлiм беру бағдарламасы бойынша оқуда. Биыл бұл қатарға 2-шi, 5-шi және 7-шi сыныптар қосылады. Қазiр қала бойынша барлық мектептер қажеттi оқулықтармен 100 пайыз қамтылған. Бұл мақсатқа бюджеттен 331 млн. теңге бөлiнiптi. Кiтаптармен бiрге оқушыларға жұмыс дәптерi және мұғалiмдерге әдiстемелiк құралдар табыс етiледi. Жалпы, оқулықтардың iшiнде ағылшын тiлiнде басылғандары да бар.

Гаухар Темiрбаева — Петропавл қалалық бiлiм бөлiмiнiң әдiскерi:

— 2018-2019 оқу жылына дайындық ретiнде осы жылдан бастап биология, физика, химия пәндерi ағылшын тiлiнде факультатив сабақтарда оқытылатын болады.

Айта кеткен жөн, жыл сайын өңiрде оқушылар саны артып келедi.

Гүлмира Кәрiмова — СҚО бiлiм басқармасының басшысы:

— Биылғы жылы өңiр бойынша 9000 бала бiрiншi сыныпқа барады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда мыңға артық.

Келесi жылдан бастап облыс оқушылары өңiр өлкесiн тану жөнiндегi оқулықты қолдарына алмақ. Қазiр бұл кiтапты жазу үшiн арнайы авторлар тобы құрылған. Бұл бiлiм беру жүйесiне енгiзiлетiн жалғыз өзгерiстер емес. Алдағы оқу жылында Қазақстан тарихы, география, қазақ әдебиетi сынды пән сабақтары ендi музейлерде оқытылатын болады. Бұндай жаңашылдықтарға қала мұғалiмдерi мен оқушылары дайын. Мәселен, жаңа форматтағы ҰБТ-дiң де нәтижесi бүгiнде жаман емес дейдi, қала әкiмi Марат Тасмағанбетов.

Марат Тасмағанбетов — Петропавл қаласының әкiмi:

— Биыл қала түлектерi ҰБТ-дан бiрiншi рет облыс бойынша ең алғашқы орында тұр. 20 оқушы «Алтын белгiнi» иеленiп, тағы 15-i ерекше аттестат алды. Әсiресе, Дарын мектеп-лицейiн атап өткен жөн. Олардың орташа ұпайы 104,5-тi құрады.

Қазiр шаһарда 36 бiлiм ошағының барлығында дерлiк бос орын жоқ. Сондықтан, алдағы уақытта Жас өркен және Береке шағын аудандарында 900 және 600 балаға арналған екi мектеп салынбақ. Жиын соңында үздiк мұғалiмдер облыс және қала әкiмiнiң алғыс хаттарымен марапатталды.

Ақпарат көзi: http://mtrk.kz/

Мақаланың шыққан күні 28.08.2017
Қаралым саны: 538
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қыркүйек 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есім
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы