A- A A+
Қызықты жобалар жасау үшiн кәсiпкерлерге мемлекеттiк қолдау көрсетiлуi керек

Мақаланың шыққан күні 10.07.2017

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiнде өңiр басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен отырыс өтiп, онда шағын және орта бизнестi қолдау тетiктерi, облыс аудандарында жол бойғы сервистi дамыту, мемлекеттiк органдарда атқарушылық тәртiптi сақтау, сол сияқты СҚО әкiмдiгiнiң мүшелерi қарауына ұсынылған қаулылар жобасы туралы мәселелер қаралды.

Бiрiншi мәселе бойынша Кәсiпкерлiк және туризм басқармасының басшысы Құралай Жарова баяндады.

Оның ақпаратына қарағанда, қаржылық ресурстарға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету бойынша тиiмдi мемлекеттiк қолдау шараларының бiрi — «Бизнестiң жол картасы-2020» атты бизнестi қолдау мен дамытуға арналған бiрыңғай бағдарлама болып табылады. Бағдарламаны жүзеге асыру үшiн 2014-2016 жылдары өңiрге республикалық бюджеттен 5,7 млрд. теңге көлемiнде мақсатты трансферттер бөлiндi, оның 3,7 млрд. теңгесi сыйақы ставкасының бөлiгiн демеуқаржыландыруға, кепiлдендiруге, гранттық қаржыландыруға, 2 млрд. теңгесi өндiрiстiк инфрақұрылымдарды дамытуға жұмсалды.

Бағдарламаның негiзгi мақсаты — жаңа жұмыс орындарын сақтау мен құру. Бiрыңғай бағдарламаның қатысушылары үшiн 2014-2016 жылдары 16 мың жұмыс орны сақталды.

«2014-2016 жылдары шағын кәсiпкерлiк субьектiлерiнiң 699 өтiнiмi мақұлданды, оның iшiнде 516 өтiнiмнiң сыйақы ставкасы демеуқаржыландырылды», — дедi Құралай Жарова.

2016 жылдың қорытындысы бойынша Солтүстiк Қазақстан облысы демеуқаржыландыру өсiмiнен бiрiншi орынды және екiншi деңгейлi банктердiң кредиттерiне кепiлдiк беруден республика бойынша үшiншi орынды иеленгенiн атап айту керек.

Әзiрше кәсiпорындардан тек айналым қаражатын толтыруға ғана өтiнiмдер түсуде. Құмар Ақсақалов мұндай жағдайға жол бермеу керектiгiн атап айтты.

Әрi қарай Құралай Жарова гранттық қаржыландыру тетiктерi жайлы сөз қозғады.

2014-2016 жылдары гранттық қаржыландыру тетiктерi бойынша аудандар мен Петропавл қаласындағы кәсiпкерлдердiң 101 өтiнiмi қаралып, оның 17 жобасына 53,2 млн. теңге бөлiнген.

2014-2016 жылдары өндiрiстiк инфрақұрылымдарды дамыту тетiктерi бойынша 17 жобаның сомасы 2 млрд. теңгенi құрайтын 13 жобасы жүзеге асырылды. Оның 6-уы — электрмен жабдықтау, 3-уi — сумен жабдықтау, 2-уi — су тарту, 3-уi — жылумен жабдықтау және 5-уi — автомобиль жолдары. Кәсiпкерлермен 47 жаңа жұмыс орны ашылды.

Кәсiпкерлiк және туризм басқармасының басшысы Құралай Жарованың ақпаратына қарағанда, кәсiкерлердi қолдаудың бұл тетiгiн басқа аудандар толық пайдалана алмай отыр, тек Айыртауда — 2, Ақжарда — 1 жоба, қалған 10 жоба Петропавл қаласында.

Отырыс барысында жаңа пайдалы жобалардың жоқ екендiгi де айтылды. «Мемлекет өз қаражаты есебiнен барлық инфрақұрылымдарды тегiн жүргiзедi. Қазiр неге ондай жобалар аз? Мемлекетке қызғылықты жобалар неге жоқ?», — деп сауал қойды Құмар Ақсақалов.

Қ. Жарованың айтуынша, қажеттi құжаттарды рәсiмдеу көп уақытты алатындықтан, кәсiпкерлер мемлекет қолдауын алуға асыға қоймайды.

«Бұл мемлекет басшысы құрған бiрегей бағдарлама, бiрегей тетiк. Ақша бөлiнген. Ендi оны қалай тиiмдi пайдаланатындығымызды қарайық. Президент ұсынған бағдарлама негiзiнен жобалар жасау үшiн кәсiпкерлердi қолдауға жұмсалуы керек. Иә, қаражатты «айналымға» да пайдалануға болады, алайда оның басты мақсаты жаңа жұмыс орындарын құру мен жаңа кәсiпорндар ашу ғой», — дедi облыс әкiмi.

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов өкiлеттi органдарға тоғыз айдың қорытындысы бойынша жағдайды реттеудi тапсырды, сонда әр аудан өзектi жобалар ұсынуға тиiс.

Келесi мәселе бойынша Жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бейбiт Исманов баян еттi.

Ұлттық стандарт бойынша көрсету қызметiне қарай жол бойғы сервис нысандарының 4 санаты: «А», «В», «С» және «D» қарастырылған.

Бейбiт Исмановтың айтуынша, жолддағы дәмханалар мен жанармай станциялары негiзiнен заңнама талаптарына сәйкес келмейдi. Олар үшiн көрсететiн қызметтерiне қарай «А», «В», «С», «D» сапа стандарттары белгiленген. Қазiргi уақытта «А», «B» стандарттарына сәйкес келетiн облыста бiрде-бiр кешендi нысан жоқ, «С» стандартына сәйкес келетiн 20 шақты ғана нысан бар.

Басқарма СҚО IIД-нiң аудандардағы бөлiмшелерiмен бiрге жұмыс iстеп тұрған нысандарды ұлттық стандартқа сәйкес келтiру және облыс аумағында жаңа нысандар салу жөнiнде кәсiкерлермен жұмыс жүргiзiп жатқандығын атап айтқан жөн.

Өңiр басшысы Жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасының және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалының, аудандық әкiмдiктердiң сапасыз жұмысын атап айтты. Жол бойғы нысандардың иелерiмен толыққанды диалог жүргiзу және тиiмдi де шешiмдi әрекет ету керек.

«Әрбiреуiмiзде мол өкiлеттiк бар, бiздiң жұмысымыздың тиiмдiлiгi жағдайға қалай әсер еткенiмiзден байқалады. Қазiр жаз аяқталып кенледi, бұл жұмысқа кiрiсу керек», — дедi өңiр басшысы.

Кездесуде мемлекеттiк органдарда атқарушылық тәртiптi сақтау, сол сияқты СҚО әкiмдiгiнiң мүшелерi қаруына ұсынылған қаулылар жобасы туралы мәселелер де қаралды.

Қаралым саны: 1894
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қараша 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы