Мақаланың шыққан күні 28.01.2019
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлiгi Қазақстан Республикасының Энергетика министрiнiң мiндетiн атқарушы 2016 жылғы 29 шiлдедегi №352 «Қалдықтарды түгендеу жөнiндегi есеп нысанын және оны толтыру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» бұйрығына түзетулер көпшiлiк алдында талқылауға енгiздi.
«Қалдықтарды түгендеу жөнiндегi есеп нысанын және оны толтыру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2016 жылғы 29 шiлдедегi № 352 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы» бұйрық жобасына ҚР Экологиялық кодексiнiң 154-бабына, ҚР Кәсiпкерлiк кодексiнiң 87, 132-баптарына, «Мемлекеттiк статистика туралы» ҚР Заңына, ҚР «жасыл экономика» бойынша тұжырымдамасына, ҚР Статистика агенттiгi төрағасының мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 14 шiлдедегi № 183 «Әкiмшiлiк деректердi әкiмшiлiк дереккөздермен тегiн беру ережесiн бекiту туралы» бұйрығына, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрiнiң 2007 жылғы 31 мамырдағы «Қалдықтардың сыныптамасын бекiту туралы» № 169-п бұйрығына сәйкес, сонымен қатар жыл сайын Министрлiк және Үкiмет арасындағы «Өнеркәсiптiк қалдықтардың түзiлуiне қатысты оларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесi» нысаналы индикаторы және «Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзiлуiне қатысты оларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесi» нысаналы индикаторы бойынша стратегиялық жоспар көрсеткiштерiн қалыптастыру жөнiндегi меморандумға сәйкес өзгерiстер енгiзiледi.
Түзетулердi қабылдау мерзiмдерiн ескере отырып, 2018 жылға арналған қалдықтарды түгендеу туралы жылдық есеп қолданыстағы нұсқада «Қалдықтарды түгендеу жөнiндегi есеп нысанын және оны толтыру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» ҚР Энергетика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2016 жылғы 29 шiлдедегi № 352 бұйрығына сәйкес қалыптастырылады, ал 2019 жылдың қалдықтарды түгендеу туралы жыл сайынғы есеп 2020 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылдың 1 наурызына дейiн жаңа нысанда http://os.energo.gov.kz ҚОҚ БАЖ жүйесiнде қалыптастырылады.
|
|||||||||||
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сн | Жк | |||||
  |   |   |   | 1 | 2 | 3 | |||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | |||||
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | |||||
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | |||||
25 | 26 | 27 | 28 |   |   |   |
![]() |
Әкімнің блогы
Құмар Iргебайұлы Ақсақаловтың атына жазылған өтiнiштi «электрондық үкiмет» порталы арқылы жiберу үшiн ЭЦҚ болуы қажет. Сыртқы сiлтемемен көшудi растаңыз. Көшу |
![]() |
МО басшыларына сұрақ қою |
![]() |
Халықтық бақылау |