A- A A+
ҚР Президентi жаңа әлiпби енгiзуге қатысты пiкiр бiлдiрдi

Мақаланың шыққан күні 15.09.2017

ҚР Президентi жаңа әлiпби енгiзуге қатысты пiкiр бiлдiрдi

АСТАНА. ҚазАқпарат — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда латын әлiпбиiн енгiзуге қатысты пiкiр бiлдiрдi, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Латынға көшу бәрiн де алаңдатып отыр. Бұл жайында көп айтылды. Бiздiң ғалымдар менiң тапсырмамен ұзақ уақыт жұмыс iстеп, барлық тарихты қарап шықты. Көршiмiз Өзбекстан, Түркия қалай енгiзгендiгiн, олардың тәжiрибесiн қарады. Компьютерге бiрден қоя салу үшiн iлiк болмау керектiгiн айттым. Ноқаты, үтiрi бар, тек қазақ дыбысына тән 8 әрiп бар. Мiне соларды нақтылау қажет. Барлық мәселе осында», — дедi Елбасы Ақордада өткен отандық және шетелдiк журналистермен кездесуi барысында. Осы ретте Мемлекет басшысы латын әлiпбиiн енгiзудi Парламентте талқылауды ұсынғанын айтты. «Ымыра болғанда, тiл бiлiмi мамандары мен тарихшылар ортақ келiсiмге келгенде мен жаңа әлiпби жайында жария етемiн. Бұл ертең осы әлiпби қолданысқа енедi дегендi бiлдiрмейдi», — дедi Мемлекет басшысы. Қазақстан Президентi кирилица да өз қызметiн жалғастыра беретiндiгiн атап өттi. «Кирилицамен жазып, орыс тiлiнде сөйлетiндердiң алаңдамауларына болады», — деп атап өттi Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар ҚР Президентi 2022 жылдан бастап 1 сынып латын әлiпбиiмен оқитындығын айтты. «Менiңше, бұл тез өтедi. Өйткенi, бүгiнде барлық балалар ағылшын тiлiнде оқиды. Ал ол латынша. Сiздер мен бiздер үшiн де бұл үлкен проблема болмақ емес», — дедi Елбасы. Мемлекет басшысының атап өтуiнше, әлемдегi ақпараттардың 70 пайызы латын әрiпiмен таралады, ғылыми-техникалық прогрес де осы тiлде басым жүруде. Сонымен қатар Елбасы латын әлiпбиiне көшу жобасы соңына дейiн тыңғылықты дайындалуы керектiгiн ескерттi. «Қазақ тiлiнде щ, ю, я әрiптерi жоқ. Японияны қазақтар Жапония дейдi. «ч», «ю», «я», «ь», «ъ» белгiлерi жоқ. Яғни бiз осы әрiптердi қолдану арқылы нағыз қазақ тiлiн бұрмаладық. Сол себептi ендi негiзi тiлге көшпекпiз. Бұл бүкiл мемлекет үшiн маңызды шара және онда ағаттыққа жол беруге болмайды», — дедi Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы сәбiз сөзiнiң талқылауға ұсынылған жаңа әлiпбимен жазылып, айтылуына қатысты қоғамдық қызу пiкiрталасқа орай ойын бiлдiрдi. «Кеше маған сәбiз деген сөздегi «ә» әрiпiн қалай айту қажеттiгi интернетте жүр деп айтты. «Ә-нi» «а» жанында «е» екi әрiптен тұрады. Сонда «saebiz» деп оқылады екен» деп. Немiсте «мектеп» дегендi үш әрiппен ш әрiпiн S, c, h әрiптерiмен бередi. Француз сөзiне бiр сөздi айту үшiн 10 әрiп керек. Сондықтан олай деу дұрыс емес», — дедi Елбасы.

http://www.inform.kz/kz/kr-prezidenti-zhana-alipbi-engizuge-katysty-pikir-bildirdi_a3064959

Қаралым саны: 530
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Экономикалық сала - 79
35%
Әлеуметтік сала - 55
25%
Денсаулық сақтау - 51
23%
Мәдениет - 19
8%
Білім - 20
9%
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы