A- A A+
Қазақ тiлiнiң жаңа белесi

Мақаланың шыққан күні 03.10.2017

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарық көрген күннен бастап ел арасында қазақ тiлiн латын әлiпбиiне көшiру мәселесi қызу талқылануда.

Қазақ тiлiн латын әлiпбиiне көшiру мәселесi алғаш рет көтерiлiп отырған жоқ. Елiмiз егемендiгiн жариялаған күннен бастап айтылып келедi. Анығын айтқанда, мұны бiз латынға көшу емес, латынға қайта оралу деп түсiнгенiмiз жөн. «Қазақ әлiпбиiн латынға көшiру жөнiндегi мәселеге қайта оралу керек. Бiр кездерi бiз оны кейiнге қалдырған едiк. Әйтсе де, латын қарпi коммуникациялық кеңiстiкте басымдыққа ие және көптеген елдердiң, оның iшiнде посткеңестiк елдердiң латын қарпiне көшуi кездейсоқ емес. Әлбетте, бiз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшiлiктерiн зерделеп алуымыз керек», — деген болатын Елбасымыз Қазақстан халқы Ассамблеясының ХII сессиясында сөйлеген сөзiнде.

Қазiргi уақытта латын әлiпбиi ақпараттық технологияның барлық саласында кеңiнен қолданылады. Мәселен, көбiмiз пайдаланып жүрген электрондық жеке поштамыздың мекенжайы кириллица, араб немесе басқа әрiптермен емес, латынмен жазылатынын бiлемiз. Керек десеңiз, көлiгiмiздiң нөмiрi, жеке куәлiгiмiздегi әрiптер де латын тiлiнде жазылған. Осыдан-ақ, латын әлiпбиiнiң бiзге таңсық дүние емес екендiгiн түсiнуiмiз керек. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тiлiн бiртiндеп латын әлiпбиiне көшiру жұмыстарын бастап, бұл мәселеге неғұрлым дәйектiлiкпен, байыппен қарау қажеттiгiн атап көрсеттi.

Сонау V-XV ғасырларда түркi тiлi Еуразия аумағының аса ауқымды бөлiгiнде ұлтаралық қатынас тiлi ретiнде кеңiнен қолданылғаны белгiлi. Яғни, Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орданың бүкiл ресми құжаттары түркi тiлiнде жазылғаны тағы бар. Латын әлiпбиiнiң жазу үлгiсi қазақ қоғамында 1929 жылдан 1940 жылға дейiн қолданылып, кейiн кириллицаға ауыстырылғандығы белгiлi.

Егер бiз iстiң түбегейлi жағына үңiлсек, Елбасымыздың көтерiп отырған мәселесi тiл тазалығы екендiгiне күмән келтiрмеуiмiз керек. Бұл бiзге не бередi дер болсақ, бiз ұтпасақ, ұтылмасымыз айдан анық. Қазақ тiлiндегi жат дыбыстарды таңбалайтын әрiптердi қысқартып, сол арқылы қазақ тiлiнiң табиғи таза қалпын сақтауға мүмкiндiк бередi. Сонымен бiрге, қазақ тiлiн оқытқан кезде басы артық таңбаларға қатысты кейбiр ережелер қысқартылатындығы туралы ғалымдар да айтып жүр. Ол мектеп қабырғасынан бастап барлық жоғары оқу орындарында оқыту үрдiсiн жеңiлдетуге мүмкiндiк берiп қана қоймай, латын әлiпбиiне көшу арқылы қазақ тiлiнiң халықаралық аренаға шығуына, ақпарат кеңiстiгiне кiрiгуге тиiмдi жолдар ашылмақ. Латын әлiпбиiне көшу арқылы ұлт мұратының жаңа бiр белеске өрлеуiне, түркiтiлдес халықтардың өзара тiл байланысының артуына, жаңа заман талабына сай өскелең ұрпақтарымыздың ағылшын тiлiн меңгеруiне зор мүмкiндiк туады. Сондықтан Елбасының тiл мәселесiне қатысты ойтолғамына ынта-жiгерiмiзбен қолдау бiлдiру — әрбiр қазақстандықтың мiндетi.

— Қазақ тiлi жазуының түп-тамыры б.з.д. V ғасырда пайда болған көне түркi жазулары екендiгi белгiлi. Ол VIII ғасырдан бастап ислам дiнiмен бiрге енген араб әлiпбиiн қолданды. Ал 1912 жылы Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тiлiнiң дыбыстық жүйесiн айқындап, құрамында 28 әрпi бар араб графикасы негiзiнде жаңа әлiпби жасап, төте жазу ережесiн анықтады. Кейiн қазақ жазуы 1929 жылы 29 әрпi бар латын графикасы негiзiндегi әлiпбиге, ал 1940 жылы орыс тiлiнiң дыбыстары үшiн қосымша 13 әрiп кiргiзiлген 42 әрiптiк кириллица графикасы негiзiндегi әлiпбиге ауыстырылды. Соңғы реформа қазақ тiлiнiң ерекшелiктерi ескерiлмей жүргiзiлдi, ол қазақ мәтiнiнде ендiрiлген орыс сөздерiн жазу мен оқуды орыс тiлiнiң нормасына сәйкес орындауды талап еттi. Нәтижесiнде қазақ тiлiнiң айтылым және жазылым емiлелерiнде көптеген шытырмауық жиналып, ана тiлiмiздiң табиғи заңдылықтары бұзылды, — дейдi Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң профессоры, Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты Алтынбек Шәрiпбай.

1995 жылы өткен Дүниежүзi түркi халықтарының конференциясына Қазақстан ғалымдары да қатысқан едi. Онда барлық түркi халықтарының әлiпбиi латынға көшiп қана қоймай, бiр ортақ әлiпбидiң болуы мәселесi талқыланды. Қазақ тiлiнiң әлеуметтiк және мәдени әлеуетi зор екендiгiн ХХ ғасырдың басында ақиық ақын, жерлесiмiз Мағжан Жұмабаев: «Осы күнi түрiк тiлдерiнiң iшiнде қазақ тiлiнен бай, орамды, терең тiл жоқ», — деп суреттейдi. Түбiнде түркi тiлiнде сөйлеймiн деген түркi тектес бауырлар күндердiң күнiнде қазақ тiлiне айналып келмесiне кiм кепiл?! Тiл бiрiксе, сол тiлдiң негiзi қазақ тiлi болатынын сенiммен айта аламыз.

Өзбекстандық ғалым, филология ғылымдарының докторы Бахтияр Кәрiмовтың зерттеулерiне көз жүгiртсек, ол түркi халықтарының негiзi етiп қазақтың ұлы ақыны Абайды ұсынады. Бұл туралы М.Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң интернацияландыру жөнiндегi проректоры, профессор Орхан Сойлемезтiң де айтып жүргенi мәлiм. Оның 1995 жылы АҚШ-тың Колумбия университетiндi қорғалған «Орта Азия халықтарының мәдениетi мен тiлi» атты диссертациясында қазақ тiлiнiң латынға ауысуының ұтымды тұстары баяндалады.

Сондай-ақ, Қытай Халық Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Әдебиет институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Хуан Жонхиант «Қазақ фольклоры» атты қытай тiлiнде жазылған кiтабында барлық мысалдардың қытайшасының астына, бiз 1929 жылы пайдаланған латын әлiпбиiмен жазылғанын бiреу бiлсе, бiреу бiле бермейдi. Мiне, осыдан мынадай қорытынды шығаруға болады, егер де бiз латын қарiпiн қолдансақ, қазақ мәтiндi кез келген мемлекет оқи алады. Бiздiң латын тiлiнде жазылған шығармаларымызбен әлем елдерi танысады деген сөз.

Тiл мен жазу — кез келген ұлттың тағдыры және болашағы, тәрбиесi, негiзгi қатынас құралы. Тiл мәселесiне қазақтың ардақты ұлдары, Алаштың зиялы қауымы ерекше жанашырлықпен көңiл бөлген. ХХ ғасырдың басында қазақ тiлi шұбарланып, бүлiне бастады, зардабын қазiргi ұрпақ бастан өткiздi. Мiржақып Дулатовтың тiлiмен айтар болсақ: «Мен заманында қандай едiм? Мен ақын, шешен, тiлмар бабаларының бұлбұлдай сайраған тiлi едiм. Мөлдiр судай таза едiм. Жарға соққан толқындай екпiндi едiм. Мен наркескендей өткiр едiм. Ендi қандаймын? Кiрленiп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым. Мен не көрмедiм?».

Қазақ тiлiнiң шұбарланып, мектеп оқулықтарының орысшадан сапасыз аударылып жатқаны туралы айтады. Мiржақып Дулатовтың осы мақаласы бiздiң заманымызға, қазiргi уақытқа қаратыла жазылғандай. Мiне, сондықтан болар, Елбасының көрегендiгiнiң арқасында, бұл мақалада рухани жаңғырудың бағыттары тайға таңба басқандай айқындалып берiлдi.

Елбасымыздың «Қазақстан жолы-2050: Бiр мақсат, бiр мүдде, бiр болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Ендi ешкiм өзгерте алмайтын бiр ақиқат бар. Ана тiлiмiз «Мәңгiлiк Елiмiзбен» бiрге «Мәңгiлiк тiл» болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйтқысы ете бiлгенiмiз жөн», — деп атап көрсетiлген болатын. Осынау ұлағатты сөз болашағын қазақтың елiмен, жерiмен, тарихымен байланыстыратын әрбiр қазақстандықтың көздеген мақсатына айналса, бiз алмайтын асу болмайды.

Ерлан Әбiл

Қаралым саны: 236
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы