A- A A+
Дәурен Абаев жалған ақпарат шығарған БАҚ-қа жүктелетiн мiндеттi айтты

Мақаланың шыққан күні 20.09.2017

Дәурен Абаев жалған ақпарат шығарған БАҚ-қа жүктелетiн мiндеттi айтты

ҚазАқпарат — ҚР Ақпарат және коммуникация министрi Дәурен Абаев Фейсбуктегi парақшасында Парламент қарауына жiберiлген ақпарат және коммуникация саласы бойынша Заң жобасының нормаларын түсiндiрiп бердi, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл бейнежазбада мен биылғы жазда Парламент қарауына ұсынылған ақпарат және коммуникация саласындағы Заң жобасының бiрқатар нормаларын түсiндiрдiм. Жақында қазақстандық медиа қауымдастықта резонанс тудырған ең даулы нормаларға қатысты министрлiктiң ұстанымын бiлдiретiн жаңа бейнежазбамды жариялаймын», — дедi Дәурен Абаев Фейсбуктегi парақшасында.

Бейнежазбада Дәурен Абаев ақпарат және коммуникация саласындағы Заң жобасымен БАҚ туралы заңға өзгерiстер енгiзу туралы Парламентке жасалған ұсыныс барлық қазақстандыққа қатысты екенiн сондықтан, оны қарапайым тiлмен түсiндiрiп беру қажеттiгiн айтқан. «БАҚ танымал адамдар туралы ақпаратты аңдитыны ешкiмге құпия емес. Ол әншiлер, спортшылар, актерлер тағысын тағылар. Ондай ақпараттардың денi негiзсiз әңгiме мен болжамдарға сүйенiп жазылатыны белгiлi. Ол ақпарат отбасына, жеке өмiрi мен денсаулығына қатысты болуы мүмкiн. Көп жағдайда дұрыс емес ақпарат адамның репутациясына әсер етедi. Тiптi, ол қате ақпарат болғанның өзiнде оны терiске шығару оңай болмайды. Ең соңғы шешiм — сотқа шағымдану. Ол айлап жүйкеңдi жұқартатын жұмыс. Және барлығы да сотқа шағымданып құқығын қорғауға белсендi емес, оның iшiнде желсөздiң құрбаны болған қарапайым адамдар.

Мәселен, «14 жаста отбасын» құрған маңғыстаулықтар туралы ақпарат. Кейiн олардың кәмелет жасқа толғандары анықталды. БАҚ терiс ақпаратты жариялап қана қоймай, жас жұбайлардың суреттерiнде жария еттi. Осыдан кейiн елiмiздiң барлық аймағынан жас жұбайларға сын таққан, айыптаған, тiптi қорлаған пiкiрлер айтылды. Жел сөздiң жетегiнде кеткен БАҚ жас жұбайлардың өмiрiн қиындатты. Ендi азаматтың талабы бойынша БАҚ жазылған ақпараты үшiн дәлел келтiруi қажет. Егер ондай дәлелi болмаса, терiске шығарғанын жариялайды. Бұл түзету БАҚ ақпаратты жарияламас бұрын тағы бiр тексеру қажеттiгiн қосымша мiндеттейдi», — дедi Дәурен Абаев.

Қаралым саны: 975
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Экономикалық сала - 79
35%
Әлеуметтік сала - 55
25%
Денсаулық сақтау - 51
23%
Мәдениет - 19
8%
Білім - 20
9%
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы