A- A A+
Кемеңгер жазушы

Мақаланың шыққан күні 02.10.2017

Кемеңгер жазушыСәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кiтапханада Мұхтар Әуезовтiң туғанына 120 жыл және «Абай жолы» романының жарыққа шығуына 75 жыл толуына арналған «Кемеңгер жазушы» атты әдеби кеш өттi.

Кiтапхана қызметкерлерi жазушының өмiрi мен шығармашылығына жан-жақты тоқталды. Әдебиеттегi дарынды тұлғаның бiрi — Мұхтар Әуезовтiң туындылары ғасырдан-ғасырға жетiп, қазiргi таңда да өз құндылығын жойған жоқ.

1928 жылғы «Өз жайымнан мағлұмат» атты өмiрбаянында жазушы: «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемiн. Менiң бала күнiмнен iшкен асым, алған нәрiмнiң барлығы да — Абайдан. Таза әдебиет сарынына бой ұрғанда маған Абай деген сөз қазақ деген сөзбен теңбе-тең түскендей кездерi бар сияқты. Абайды сүюiм үнемi ақылдан туған, сыннан туған сүйiс емес, кейде туған орта, кiр жуып, кiндiк кескен жердi сүюмен барабар болатыны бар», — деп жазды. Осы сөздердiң өзiнен-ақ жазушының бүкiл шығармашылығына, жан дүниесiне Абай шығармаларының әсер-ықпалы, үлгi-өнегесi айрықша көрiнедi.

Мұхтар Әуезов әдебиет тарихына жазушы, алғашқы роман-эпопеяның авторы, қазақ драматургиясының негiзiн қалаушы, ғалым, абайтанудың iргесiн қалаушы ретiнде ендi.

Шарада С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның қазақ тiлi мен әдебиетi пәндерiнiң мұғалiмi Асылтас Қайырбек «А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев және М.Әуезовтiң шығармаларының ұштастығы мен тәрбиелiк мәнi» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, кiтапхананың тұрақты оқырмандары Елена Жолудева және Жаман Құлмағамбетов Мұхтар Әуезовтiң шығармашылығы жөнiнде өз пiкiрлерiмен бөлiстi.

Шараға қатысушылар Мұхтар Әуезовтiң шығармашылығына арналған «Кемеңгер жазушы» атты кiтап көрмесiн тамашалады.

Айгүл Хамзина,
«Солтүстiк Қазақстан».

Қаралым саны: 124
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы