A- A A+
Кiтапханашы — абыройлы мамандық

Мақаланың шыққан күні 02.10.2017

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кiтапханада «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған «Жыл кiтапханашысы-2017» облыстық кәсiби шеберлiк конкурсының ақтық кезеңi өттi.

Конкурстың мақсаты — жан-жақты дамыған, өз жұмысында инновациялар мен креативке ұмтылатын, талпынысы мол тұлғаларды анықтау.

Конкурс үш кезеңде өткiзiлдi. Алдымен облыстық конкурсқа қатысуға үмiткерлер анықталды. Ал одан кейiн әр қатысушы С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кiтапханаға өз жұмыстарының электрондық нұсқасын жiбердi. Үшiншi кезеңде С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кiтапханада «Сенiң жұлдызды сәтiң, кiтапханашы!» атты ақтық шара өттi.

Кәсiби конкурсқа барлығы 13 үздiк кiтапханашы қатысты.

Ақтық шара түрлi тапсырмалардан тұрды. Қатысушылар өздерiнiң кәсiби және шығармашылық қабiлеттерiн, тапқырлығын бағалауға мүмкiндiк беретiн «Шығармашылық қолтаңба» атты визиттiк карточкаларын таныстырды. Сондай-ақ, олар шығармашылық идеясын қорғай отырып, оның жаңашылдығы мен тәжiрибелiк маңызын дәлелдедi. Бұл тапсырмада қатысушының қиялы, қабiлетi, әртiстiк шеберлiгi мен креативтiлiгi бағаланды.

Үшiншi тапсырмада қатысушылар кiтапхана iсi, әдебиеттану, Қазақстан тарихы бойынша кәсiби блиц-турнирдiң сұрақтарына жауап бердi.

Конкурстың үш кезеңiнiң қорытындысы бойынша «2017 жылдың үздiк кiтапханашысы» анықталды.

1-орын және «Жыл кiтапханашысы-2017» атағы Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданының Володарское ауылдық кiтапханасының кiтапханашысы Н.Вербовскийге бұйырса, Мағжан Жұмабаев ауданының Октябрьское ауылдық кiтапханасының қызметкерi О.Ганина және И.Шухов атындағы қалалық кiтапхана маманы Л.Бримова да жүлделi орындарға ие болды.

Сонымен қатар үмiткерлер «Мамандығына адалдығы және шығармашылық үлесi үшiн», «Жыл жаңалығы», «Әртiстiк шеберлiгi үшiн», «Мемлекеттiк тiлдiң беделi мен маңызын арттырғаны үшiн», «Өлкетануды дамытқаны және тарихи құндылықтарды насихаттағаны үшiн» аталымдары бойынша марапатталды.

Айгүл Хамзина,
«Солтүстiк Қазақстан»

Қаралым саны: 65
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы