A- A A+
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» компаниялары СҚО кәсіпорын өнімдеріне тапсырыс береді

Мақаланың шыққан күні 21.02.2020

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар өңірде жаңа өндірістерді ашуды ынталандыруға және әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға келісті.

«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Ахметжан Есімов Қор импорт алмастыру бағдарламасы мен «оффтейк-шарттар» механизмі аясында жаңа өндірістер құруды қарастыратын жобаларға көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

«2018 жылы біз Қордың сатып алу жүйесін жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстарды бастап, отандық тауар өндірушілерді қолдаудың басымдылығын атап өттік. Нәтижесінде холдинг ішіндегі сатып алу 25 есе қысқарды және 630 млрд. теңгеден астам қаражат бәсекелес ортаға біздің кәсіпкерлерге берілді. Бәсекелестік орта құру арқылы 36 миллиардтан астам теңге үнемделді», — деді Ахметжан Есімов.

Айта кеткен жөн, «оффтейк-шарттар» шығаруға жоспарланған өнімге алдын ала төлем жасау арқылы ұзақ мерзімді тапсырысқа кепілдік береді. Басты шарт — ҚР-да өнім өндірісінің болмауы және оған Қор компанияларының қажеттілігі.

Сондай-ақ, Қор басшысы қазіргі уақытта Қор импортты алмастыру бағдарламасы аясында елімізде жаңа өндірістер құру бойынша 27 жобаны мақұлдады, жобаларды іске асыруға салынған инвестиция көлемі 215 миллиард теңгеден асады, 1600-ден астам жұмыс орны ашылады.

Мақұлданған жобалардың қатарында СҚО-ның екі ірі кәсіпорны — «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ (ПАМЖЗ) және «С. Киров атындағы зауыт» АҚ бар. Кездесу барысында Қордың портфельдік компаниялары зауыттармен 8,5 млрд теңгеден астам сомаға шарттарға қол қойды.

«ПАМЖЗ» АҚ-мен арнайы техниканы жеткізу үшін 2,3 млрд теңге сомасында, Киров атындағы зауытпен 6,2 млрд теңгеге келісімге қол қойылды. Оның ішінде 3 жылға арналған бір ұзақ мерзімді келісім-шарт бар.

СҚО әкімі қол қойылған құжаттардың өңір үшін маңыздылығын атап өтті.

«Бүгін біз Самұрық-Қазына өңірді дамыту бойынша бірқатар жүйелі шаралар белгіленген Меморандумға қол қойып отырмыз. Қордың қолдауымен Уәлиханов ауданындағы шалғай аудандардың бірінде ұялы байланыс қызметі кеңейтіледі», — деді Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Құмар Ақсақалов.

Меморандум аясында Қор СҚО-ын ТКШ-ны автоматтандыру, қала қауіпсіздігінің мониторингін қамтамасыз ету, 2020-2021 жылдары GSM және LTE стандарттарының 25 базалық станциясын іске қосу сияқты «ақылды» қалалары бар облыс ретінде дамытатын болады.

Бұдан басқа, әлеуметтік саладағы жобалар іске асырылатын болады–балаларды оңалту орталығын құрал-жабдықтармен жабдықтау, медициналық поездың шалғай станцияларға тегін негізде қатынауы, әмбебап спорт ойын алаңдарын салу.

Шағын және орта бизнесті дамыту бағытында 2020 жылға пошта желісі мен электрондық сауданы кеңейту — СҚО-да 10 серіктестік пошта байланыс бөлімшесін ашу және ШОБ кәсіпкерлері үшін электрондық сауда негіздері бойынша семинарлар өткізу жоспарланып отыр.

«Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ
Қоғаммен байланыс және
маркетингтік коммуникациялар
жөніндегі департаменті

Қаралым саны: 2853

Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Сәуір 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2020 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы