A- A A+
Корея Астанаға достық бақшасын тарту еттi

Мақаланың шыққан күні 27.09.2017

Корея Астанаға достық бақшасын тарту еттi

ҚазАқпарат — Астанадағы «Арай» саябағының iшiнде «Қазақстан мен Корея достық бақшасы» ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тiлшiсi. Достық бақшаның ашылу салтанатына Астана қаласының әкiмi Әсет Исекешев, Оңтүстiк Кореяның Қазақстандағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi Ким Де Сик, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрi Ерлан Нысанбаев қатысты.

«Бақша береке бастауы дейдi қазақ халқы. Бүгiнгi күнi ашылғалы отырған «Қазақстан мен Корея достық бақшасы» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осыдан 3 жыл бұрын Кореяға сапары барысында қол жеткiзген әрiптестiк жобасы. Президент Астананы жасыл қалаға айналдыруды үнемi айтады. Мына бақша да осы мақсатқа бағытталған. Қазақстан мен Кореяның барлық салада серiктестiгi мығым. Корея «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесiнде белсене қатысты. Бiз үшiн бұл жобаның маңызы өте зор. Сонымен бiрге, Астана төрiнде ашылған бұл бiрегей орын екi елдiң достығының айқын үлгiсiн көрсетiп отыр», — дедi Әсет Исекешев.

Айта кетерлiгi, Оңтүстiк Корея елi Орта Азиядағы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжiкстан, Түрiкменстан және Өзбекстан елдерiмен орман алқаптары мен биоалуандықты сақтау бойынша бiрқатар келiсiмге келген екен. Осы ретте 2014 жылдың 19 маусымында Қазақстан мен Оңтүстiк Корея елi өзара қарым-қатынас бойынша меморандумға қол қойып, осы келiсiм аясында Астанада «Достық бақшасын» ашу келiсiлген. «Корея бақшасының» құрылысына шамамен 9 ай уақыт кеткен. Демалуға арналған орынды жасақтау үшiн Оңтүстiк Кореядан құрылыс материалдары әкелiнiп, саябақ сол елде өсетiн ағаштар отырғызылды. Саябақтың салтанатты түрде ашқаннан кейiн меймандар бiрегей орынды аралап көрдi.

Бұдан кейiн Әсет Исекешев, Ким Де Сик пен Ерлан Нысанбаев алып қоңырауды үш мәрте соқты. Қоңыраудың үш мәрте соғылуының да өз мәнi бар. Корей тарапы үш реттiк қоңырау соғудың арқасында екi елдiң достығы бұдан да жоғары деңгейде беки түсетiнiне сенiм бiлдiрдi.

Қаралым саны: 280
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы