A- A A+
Құмар Ақсақалов: «Қала өзгеруге тиiс»

Мақаланың шыққан күні 12.09.2017

Құмар Ақсақалов: «Қала өзгеруге тиiс»

Петропавлда облыс әкiмi Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен қала құрылысы кеңесi өттi. Онда қаланың сәулеткерлiк бейнесi және көркейту жөнiндегi мәселелер қаралды. Өңiр басшысы облыс орталығын абаттандыруға биыл үш есе көп қаржы бөлiнгенiн атап айтты.

Петропавл қаласының әкiмi Марат Тасмағанбетов атқарылыған жұмыстар жайлы баяндады. Ол сәулеткерлiк бейнесiн жақсарту облыс орталығын дамытудың басым бағыттарының бiрi екендiәгiн тiлге тиек еттi.

«Бас жоспар негiзiнде «Жас өркен», «Орталық», «Береке», «Кирпичный», «Солнечный» шағынаудандарын, «Абай-Пушкин-Мүсiрепов-Жамбыл көшелерi шекарасында нақты жоспарлау үшiн 7 жоба және «Жас өркен», «Куйбышев орман шаруашылығы», «Набережный» шағынаудандарын құрылыс салу бойынша 3 жоба әзiрлендi. Қазiргi уақытта «Жас өркен», «Береке», «Кирпичный», «Солнечный» және «Орман» жаппай құрылыс салу және дамыту аумағы болып табылады. Соңғы жылдары барлық шағынауданда 58 тұрғын үй салынды. Биыл жалпы аумағы 83,2 мың шаршы метрдi құрайтын 11 тұрғын үй пайдалануға берiледi. «Жас өркен» шағынауданында Теннис орталығы, Оқушылар сарайы сияқты iрi әлеуметтiк-тұрмыстық және спорт нысандарының құрылысы басталды. «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Солнечный» шағынауданында құрылыс жүрiп жатыр. Шағын ауданның ерекшелiгi — 10 сотық аумақты алатын жеке тұрғын үй құрылысы болып табылады. 2094 жер тiлiмiнде бiрыңғай сәулеткерлiк үлгiде үйлер салынады», — дедi Марат Иманғалиұлы.

Құрылыс мәселесi бойынша жұмыс iстей отырып, бiз заманауи стильдi шеберлiкпен бiрiктiру арқылы қаланың өткенi мен қазiргi бейнесiн сақтауға тырысамыз. Қаланың тұрғын үй қоры 1061 көпқабатты тұрғын үйдi құрайды. Мемлекеттiк ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасы аясында 161 тұрғын үйге күрделi жөндеу жүргiзiлдi. 2018 жылы 20 көпқабатты үйдi жөндеу жоспарлануда. Қаланың эстетикалық бейнесiн жақсарту үшiн Жамбыл, Мир және Интернационал көшелерiнде қасбеттердi әрлеу бойынша жұмыстар атқарылуда. Iрi қалалардың тәжiрибесiне сәйкес заманауи сәулеткерлiк бейне беру үшiн, қыркүйекте Мир және Жамбыл көшелерiндегi 2 үйдiң қасбетiн графиттеу жоспарлануда.

Үстiмiздегi жылы Уәлиханов, Караван, Мұқанов, Зауыт, Радищев, Медведев, Егемен Қазақстан, Горький көшелерiне орташа жөндеу жүргiзiлдi. Бүгiнгi күнi 18 көшеге жөндеу жүргiзiлуде: Қизатов, 1-шi кiрпiш, Набережный, Ульянов, Кеншiнбаев, Универсаль, Украин, Калинин, Ухабов, Пржевальский, Тоқсан би, Чайковский, Болатбаев, Я. Гашек, Рахимов, Сәтбаев, 314-шi атқыштар дивизиясы және Жуков. Жөндеу бойынша жүргiншi жолдарын асфальттау, оң жақ бұрылысты, жүргiншi жолын жайластыру, жиектас, заманауи аялдама павильондарын, жаңа бағдаршам нысандарын орнату, гүлзар жасау. Қалаға заманауи бейне беру үшiн көркейту жұмыстары жүргiзiлдi. Қалада балалардың 70 ойын алаңын қайта жабдықтау жоспарлануда. Бүгiнгi күнi 53 аула жабдықталды, бұл жұмыс жалғасуда. 17 аулаға барлық жастағы қалалықтар үшiн көше тренажерлары орнатылды, 6 футбол алаңы жабдықталды. К. Сүтiшев, М. Жұмабаев, Жамбыл көшелерiнiң жарықтандыру жүйелерi жаңғыртылды. Қазақстан Конституциясы көшесiне жиектастарды, дүңгiршектердi, қоқыс салғыштарды ауыстыру, шағын сәулет үлгiлерiн орнату жұмыстары жүргiзiлуде. Бұл көше — бiрегей. Тарихи және мәдени мұралардан тұратын көше — адамдардың ең көп болатын жерi. Мәдениет және демалыс саябағына жүрзiлiп жатқан қайта жаңарту ұстынтiзбек орнатуды және субұрқақты жаңартуды да қарастырады. Соның арқасында әлеуметтiк-мәдени және мерекелiк шараларды өткiзу үшiн жаңа алаң жасалады. Бүгiнгi күнге дейiн өрнектастар ауыстырылып, шағын сәулеткерлiк үлгiлер орнатылды. К. Сүтiшев-М. Жұмабаев, Хименко-Мир, Жамбыл көшелерiндегi скверлердi жөндеу және қайта жаңарту бойынша 3 жобалық-сметалық құжат (ЖСҚ) әзiрлендi. ЖСҚ бойынша Пестрое көлiнiң аумағын көркейту жұмыстарын бастау жоспарлануда. Өңiр басшысының тапсырмасына орай облыстық Сәулеткерлер мен суретшiлер одағының базасында жас сәулеткерлерден жұмысшы тобы құрылатын болады.

«Алтын арман», «Северный», «Олжа», «Дария» базарларын заманауи кейiпке келтiру үшiн жаңғырту жүргiзiлдi. Қазiргi уақытта базарлардың саны белгiленген нормадан 9 есе асып түседi.

Қалада қызмет көрсету салаларын дамытуға арналған жұмыстар атқарылуда. «Скиф» қонақүй кешенi нысанды жаңғырту жұмысын жүргiздi : кiреберiстi қайта жабдықтап, қосымша құрылыс салды аяқтап, фитнес-клубты кеңейттi. «Green Which» қонақүйi салынып, жұмыс iстей бастады. «Hampton by Hilton» сауда-қонақүй кешенiнiң және «Алтын орда» қонақүйiнiң құрылысы жалғасуда. Қызмет көрсетудiң заманауи талаптарына жауап беретiн қоғамдық тамақтандыру нысандары салынды.

Қазiргi уақытта билборд үлгiсiндегi 100-ден астам ескiрген статистикалық жарнамалық құрылғылар ауыстыруды қажет етедi, сондықтан заманауи сәулеткерлiк бейненi сақтау үшiн әкiмдiк тұрақты түрде мониторинг жүргiзiп отырады. Меншiк иелерi көп жағдайда сыртқы жарнаманың бiрыңғай сәулеткерлiк бейнесiн бұзады

«Бiз бизнесмендердi, сауда орталықтарының, мейрамханалардың, iрi қоғамдық тамақтандыру орындарының, бiлiм, денсаулық сақтау мекемелерiнiң басшыларын шақырдық, өйткенi барлық нысандар облыс орталығында орналасқан. Ондаған жылдар бойы ауыспаған нысандар да бар. Олар күнге күйiп, сарғайып кеткен, материалдары ескiрген, күнi бүгiнге дейiн үйлердiң қабырғаларында және сауда орындарында тапжылмай тұр. Бұл тұрғыда дау-дамай көп, нәтиже жоқ. Сәулеткерлiк жұмыс iстемейдi және бақылау да жоқ», — дедi өңiр басшысы.

Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкiмi Құмар Ақсақалов аумақтарды көгалдандыру және көркейту жөнiнде Бiлiм және денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына тапсырма бердi.

«Қала өзгеруге тиiс. Қызмет көрсету сапасы артуға тиiс», — деген мәселеге баса назар аударды облыс басшысы.

Құмар Ақсақалов: «Қала өзгеруге тиiс»

Қаралым саны: 858
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қараша 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы