A- A A+
Құмар Ақсақалов: «Облыстың үздiк 100 кәсiпорны экономиканы алға итермелеуi тиiс»

Мақаланың шыққан күні 24.12.2018

Құмар Ақсақалов: «Облыстың үздiк 100 кәсiпорны экономиканы алға итермелеуi тиiс»

Солтүстiк Қазақстанда үздiк 100 кәсiпорынның жұмысына талдау жүргiзiлдi. Бұл жайында облыстық әкiмдiктiң қорытынды отырысында өңiр басшысы Құмар Ақсақалов мәлiмдедi. Үздiк жүздiктiң жылдық табысы 1 млрд. теңгеден асып жығылады. Соңғы үш жылда кәсiпорындардың табысы 75% өстi, 276 млрд.теңгеден 484 млрд. теңгеге дейiн. Бұл облыстың iшкi жалпы өнiмiнiң тең жартысын құрайды. Дегенмен, аталмыш кәсiпорындардың одан әрi дамуына мүмкiндiк бар. Құмар Ақсақаловтың айтуынша, үздiктер жаңа өндiрiстер мен жұмыс орындарын ашып, жалақыны өсiре алады. Үздiк кәсiпорындардың дұрыс дамуының арқасында экспорт көлемi өсiп, салық базасы да ұлғаймақ. Көлеңкелi экономикамен күрес те 2019 жылы басым бағыттардың бiрi болмақ.

«Үздiк 100 кәсiпорын облыстағы экономикалық өзгерiстердiң алдында жүруi керек. Осыны талап ететiн боламыз. Басты мақсат — халықтың табысын өсiрiп, шығынын азайту. Орынбасарларыма, қала және аудан әкiмдерiне бұл бағыт бойынша тағы да талдау жүргiзiп, кездесулердi өткiзудi тапсырамын. 2019 жылдың қаңтар айында жұмысты бастап кету керек», — дедi Құмар Ақсақалов.

Облыс әкiмi тоқсан сайын үздiк 100 кәсiпорынның өкiлдерiмен кездесiп отырмақ.

Құмар Ақсақалов: «Облыстың үздiк 100 кәсiпорны экономиканы алға итермелеуi тиiс»

Қаралым саны: 2740
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Маусым 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

DAMU.KZ — «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы