A- A A+
Құмар Ақсақалов өңiр қонақтары арасында туризм тақырыбында сауалнама жүргiздi

Мақаланың шыққан күні 23.04.2018

Құмар Ақсақалов өңiр қонақтары арасында туризм тақырыбында сауалнама жүргiздi

СҚО әкiмдiгiнiң отырысында өңiр басшысы Құмар Ақсақалов облысқа келетiн қонақтардың көбiсi Имантау-Шалқар курорт аймағы туралы бiлмейтiндiгiн айтты.

«Мен бiзге келетiн қонақтардан Имантауға және Шалқарға бардыңыздар ма деп сұраймын. Олардың 90 пайызы жоқ деп жауап қатады. Бұл жарнаманың жоқтығынан, интернетте белсендi жұмыс жүргiзу керек. Басшылар өздерi осы жерлерге барып, аяқтарымен жүрiп өтсiн. Қазiр осы жиналыста сауалнама жүргiзе бастасам, кейбiреулерiңiз бармаған болып шығарсыздар», — деп атап өттi Құмар Ақсақалов.

Қазiр облыста туризм саласы жақсы қарқынмен дамып келедi. Статистикаға сүйенсек, былтыр облысқа келген туристердiң саны 56% артып, 63 мыңнан аса адамды құрапты. СҚО әкiмiнiң орынбасары Дәурен Жандарбектiң айтуынша, туристер негiзiнен Ресей, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан, Түркия, Украина және Германиядан келедi екен. Биыл облыс басшылығы Имантау-Шалқар курорт аймағын дамыту арқылы туристердiң санын одан әрi көбейтудi көздеп отыр. Тек осы аймақтың жолдарын жөндеуге 3,2 млрд. теңге қаржы бөлiндi.

Айыртау ауданында тарихи, емдiк, спорттық, аң және балық аулау туризмi жақсы дамып келедi. Былтыр 106 миллион теңгеге 53 жазғы үйлер тұрғызылды. Туризмдi одан әрi дамыту мақсатында 65 гектар алқапты алып жатқан 11 жер үлесi бөлiндi. Биыл курорт аймағында 10 заманауи демалыс базалары салынбақ. Инвестициялардың жалпы көлемi 411 миллион теңгенi құрайды. Аталмыш аймақта көптеген коттедждер, жазғы үйлер, дәмхана және дүкендер бой көтередi. Шалқар көлiнiң жанында автокараванингты дамыту көзделген. Яхта және желкен спортын дамыту да жоспарда бар.

Құмар Ақсақалов өңiр қонақтары арасында туризм тақырыбында сауалнама жүргiздiҚұмар Ақсақалов өңiр қонақтары арасында туризм тақырыбында сауалнама жүргiздiҚұмар Ақсақалов өңiр қонақтары арасында туризм тақырыбында сауалнама жүргiздiҚұмар Ақсақалов өңiр қонақтары арасында туризм тақырыбында сауалнама жүргiздi

Қаралым саны: 1418
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Тамыз 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Астана — Ұлы дала елордасы«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2018 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы