A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы депутаттар алдында есеп бердi

Мақаланың шыққан күні 29.08.2017

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы депутаттар алдында есеп бердi

29 тамызда облыстық мәслихат депуттаттары алдында СҚО әкiмi Құмар Ақсақаловтың қатысуымен жыл сайынғы 2017 жылдың бiрiншi жартыжылдығы бойынша әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы есебi өттi. Сессия жұмысына СҚО әкiмi, қоғамдық кеңес мүшелерi қатысты.

Кездесу барысында Құмар Ақсақалов өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық, ауыл шаруашылығының, мал шаруашылығы мен әлеуметтiк саладағы даму қарқыны туралы айтты.Үстiмiздегi жылы өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық даму қарқыны сақталған. Жыл соңына дейiн жалпы өңiрлiк өнiмнiң көлемi 2 пайызға артады деп күтiлуде.

Өңiр басшысының айтуынша, облыстың спецификасы — ауыл шаруашылығы. Бүгiнде ауылды мекендерде солтүстiкқазақстандықтардың 56 пайызы тұрады.

«Осылайша, олардың тағдырлары ауыл шаруашылығына байланысты. Сондықтан Президенттiң жолдауында белгiлiенгендей агроөнеркәсiп кешенiн экономиканың жаңа драйверге айналуы мен ауыл шаруашылығын тиiмдi ету», — дедi Құмар Ақсақалов.

Астық өсiрудiң нәтижелi факторы — жердiң құнарлылығын артыруға арналған жұмысты тұрақты түрде жүргiзу, минералдық тыңайтқыштарды пайдалану. Үстiмiздегi жылы 94000 тонна минералды тыңайтқыш жеткiзiп беруге келiсiмшарт жасалды, ол өткен жылғыдан екi есе көп. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер негiзгi жалгерлер болып табылады», — дедi Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi.

Құмар Ақсақаловтың сөзiне қарағанда, облыста жердi пайдалануда тиiмдiлiк пен жауапкершiлiктi арттыруға арналған жұмыс белсендi жүргiзiлуде. Мысалы, егiстiк алқаптарын әртараптандыру өз нәтижесiн беруде.

Өңiр басшысы мал шаруашылығы саласының белсендi дамып келе жатқандығы жайлы да ақпарат бердi. Осы сала жеке қосалқы шаруашылықтарда өндiрiлген өнiммен жыл бойы тұрғындардың 80%-н етпен, 70%-н сүтпен қамтамасыз етуде.

«129 мың жеке қосалқы шаруашылықтың 77 мыңы ғана мал мен құс ұстайды, яғни 60%-ы ғана. Бiз ауылдықтардың пайдалылығын арттыру үшiн, мемлекет әзiрлеген тетiктi пайдаланбақшымыз. Биыл 20 кооператив ашуды жоспарлап отырмыз. Аталмыш кооперативтердi құру Мемлекет басшысының шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi тапсырысына сәйкес жүргiзiлуде, оған тиiстi қаражат бөлiнген. Бiздiң өңiрге — 1,7 млрд. теңге. Оның 1,5 млрд. теңгесi игерiлдi», — дедi Құмар Ақсақалов.

Өңiр басшысы облыс орталығында салынып жатқан «Жас Өркен» шағынауданы жайлы да сөз қозғады. Ол үшiн 500-ден астам ескi үйлер мен нысандар бұзылып, олардың орнына заманауи 2500 жаңа пәтер бой түзейтiн болады. 300 орындық концерт залы, 150 орындық мәжiлiс залы, конференция залдары, IТ-технологиясы орталығы құрылатын төртқабатты Оқушылар сарайы салынатын болады. 4 корты жабық, 3 корты ашық әмбебап теннис орталығының құрылысы басталды. Заманауи биiк үйлер осы жерге көрiк беретiн болады.

Сондай-ақ, кездесуде Ғ. Мүсiрепов ауданының №14 сайлау округы атынан облыс депутаты Есжан Оразалин сөз сөйледi.

Оның айтуы бойынша үстiмiздегi жылы Мамлют ауданында «Становое-Новомихайловка-Минкесер-Раздольное», Айыртау ауданының «Еленовка-Арыкбалык-Чистополье-Есиль», «Арыкбалык-Саумалколь, Есiл ауданының «Покровка-Ильинка-Мектеп» облыстық маңызы бар жолдары күрделi жөндеуден өтiп жатыр. Сонымен қатар, облыстық маңызы бар Борки-Долматово автокөлiк жолының ағымдағы эөндеуi жүргiзiлiп жатыр.

«2017 жылы бюджеттiк кредиттеу аясында Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында жылу желiлерiнiң құрылысы бойынша 4 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобаны жүзеге асыру аясында аурухана, поликлиника, «Родничок» балабақшасын, 15 көпқабатты тұрғын үйлердi жылумен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi», — дедi облыстық мәслихат депутаты.

Сондай-ақ, жиында Солтүстiк Қазақстан облысының тарихи-мәдениет мұрасы жайында Тимирязев ауданы атынан облыстық мәслихат депутаты Айман Асанова хабарлады.

Жалпы үстiмiздегi жылы агроқұрылымдар инвестициялық жобалар бойынша 9 млрд теңгеге субсидия алды, олардың 1,8 млрд. теңгесi облыстық бюджеттен бөлiнген.

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы депутаттар алдында есеп бердi

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы депутаттар алдында есеп бердi

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы депутаттар алдында есеп бердi

Қаралым саны: 1489
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қараша 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы