A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Құмар Ақсақалов азаматтарды қабылдау өткiздi

Құмар Ақсақалов азаматтарды қабылдау өткiздi

«Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы, облыс әкiмi Құмар Ақсақалов азаматтарды қабылдау өткiздi.

Бiрiншi болып құрылыс саласындағы мәселесiмен өңiр басшысының қабылдауына «Основание» ЖШС-нiң директоры Сергей Трофимов келдi. Ол құрылыстың нормативтiк мерзiмi республика бойынша бiрдей екендiгiн алға тартты. Бұл жағдайда өңiрдiң ерекше климаттық жағдайы ескерiлмейдi. Құрылыс компаниясы басшысының сөзiне қарағанда, ел бойынша қабылданған бiрыңғай мерзiм өңiр құрылысшыларын басынан тиiмсiз жағдайға душар етедi.

«Мерзiмiнде бiтiре алмайтынымызды басынан бiле отырып, құрылысты бастауға мәжбүр болып жүрмiз. Құрылысқа шамамен 10, 11, 12 ай уақыт кетедi. Нелiктен екендiгi белгiсiз, қазiр осы мерзiмнiң өзi қысқара түстi. Бiзде құрылыспен мүлдем айналыса алмайтын кезең де бар ғой», — дедi Сергей Тимофеев.

Жағдайға түсiнiк бере келiп, құрылыс басқармасының басшысы Серiк Мұхамадиев көп жағдай құрылыстың қай кезде басталғанына байланысты екендiгiн сөз еттi. Нысанды тұрғызу мерзiмiнде, яғни 8,5 айда аяталған мысалдар да бар.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы аталмыш мәселе заңнамалық тұрғыда ғана шешлуi мүмкiн екендiгiн алға тартты. Бұдан басқа, Құмар Ақсақалов Петропавлдың құрылыс жүйесiн жетiлдiру қажеттiгiне назар аударды.

«Бiзде, өкiнiшке қарай, жаңа үйлер абыр-сабыр тұрғызылады. Бос орын болса, соған сала салады. Дұрыс сәулеткерлiк шешiм байқалмайды. Барлығы да да — үйлер де, коммуникациялар да, жарықтандыру да кешендi болуға тиiс», — дедi Құмар Ақсақалов.

Облыс әкiмiмен кездесу кезiнде жеке кәсiпкер Александр Ещанов гиперсығымдалған кiрпiштi әзiрлеу және өткiзу жөнiнде айтып бердi. Қазiргi кезде өнiм сапасы жағынан тексеруден өтуде. Өңiр басшысы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы жобаларын жүзеге асыру кезiнде компанияға көмек көрсетудi тапсырды. Нысандар тұрғызу «Солнечный» шағынауданында жоспарланған. Бұл — кiрпiштiң сапасын iс жүзiнде тексеруге және жаңа өнiммен республикалық нарыққа шығуға мүмкiндiк бередi.

«Сiздi қолдауға әзiрмiз. Сiздер өздерiңiздi көрсете бiлулерiңiз керек. «Солнечный» шағынауданындағы жобаға қатысыңыздар. Онда жұмыс жетерлiк және кiрпiштiң сапасы да тексерiледi. Сенiмдi жеткiзiп берушi ретiнде өздерiңiздi көрсетiңiздер. Бәрi жақсы болса, мемлекет тарапынан да тапсырыс көбейедi»,- дедi кәсiпкерге облыс әкiмi.

Күләш Мәженова 2014 жылы қалпына келтiрiлген «Воскресеновка-Леденево-Боголюбово-Надежда» жолдары қайтадан жөндеудi қажет ететiндiгiн сөз еттi. Мамлют ауданы тұрғынының сөзiне қарағанда, жөндеу жұмысы сапасыз атқарылған.

«Қазiр Қорғанға баратын жол жөнделгелi жатыр, сондықтан барлық ауыр машиналар бiз арқылы өтетiн болады», — дедi Леденево ауылының тұрғыны.

Құмар Ақсақалов мұндай маңызды мәселеге мемлекеттiк органдар тарапынан жол бермеу керектiгiн атап айтып, арызданушының уәжiмен келiстi.

«Бiздiң шенеунiктер мұндайға неге жол беретiндiгiн партия анытауы керек. Мұндай сапасыз жол жөндегендердi жауапкершiлiкке тартып және өз есептерiнен қалпына келтiрту жөнiнде мәселе көтеру керек», — дедi өңiр басшысы.

Облыс әкiмi жөнделетiн және жөнделiп жатқанда күш түсетiн күре жолдарды мұқият бақылауды аудандардың әкiмдерiне тапсырды.

Құмар Ақсақалов азаматтарды қабылдау кезiнде көтерiлген барлық мәселелер бойынша сәйкес шешiм қабылдауды партиялық және мемлекеттiк органдарға жүктедi.

Кездесу соңында филиал төрағасы қорыта келiп, «Нұр Отан» өкiлдерiне қарата, партияда қалыптасқан жағдайға әсер ететiн және барлық қазақстандықтардың лайықты өмiр сүруiн қамтамасыз ететiн жеткiлiктi тетiктер мен иiнтiрек бар екендiгiн атап айтты.

«Нұр Отан» — халықтың мүддесiн қорғайтын қоғамдық ұйым. Бiздiң барлық жұмысымыз халық мүддесiн қозғайды. Лауазымды тұлғалар тарапынан жауапкершiлiктi талап етуге партияның барлық өкiлеттiгi бар. Оның барлығы партияның сайлау алды платформасында жазылған», — дедi облыс әкiмi.

Құмар Ақсақалов азаматтарды қабылдау өткiздi

Құмар Ақсақалов азаматтарды қабылдау өткiздi

Құмар Ақсақалов азаматтарды қабылдау өткiздi

Құмар Ақсақалов азаматтарды қабылдау өткiздi

Мақаланың шыққан күні 11.05.2017
Қаралым саны: 2519
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Тамыз 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы