A- A A+
Құмар Ақсақалов азаматтарды қабылдау өткiздi

Мақаланың шыққан күні 08.09.2017

Құмар Ақсақалов азаматтарды қабылдау өткiздi

Өңiр басшысы Құмар Ақсақалов Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiнде азаматтарды қабылдау өткiздi. Облыс әкiмiне ауыл шаруашылығы өндiрiсi үшiн жер телiмiн бөлу, сол сияқты «Туған жер» бағдарламасы аясында «Қазақтың даңқты Есiл өзенi» бағдарламасы бойынша кешендi шараларды жүзеге асыру, «Береке» шағынауданында инфрақұрылымдар жүргiзу, «ПСХ» ЖШС құрамынан шығу жөнiнде өтiнiштер бiлдiрiлдi. Одан басқа Петропавл қаласын абаттандыру және СҚО-да гастроном брендiн құру жөнiнде ұсыныстар айтылды.

«Туған жер» бағдарламасы аясында «Қазақтың даңқты Есiл өзенi» бағдарламасы бойынша кешендi шараларды жүзеге асыру бойынша М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дiң профессоры, Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi Зарқын Тайшыбай жүгiндi.

«Есiл өзенi Қазақстанның су саласында ерекше орын алады. Ең көрiктi жерi Солтүстiк Қазақстан облысында. Сондықтан Есiл өзенiн бiз сақтауымыз керек. Өзен, оның салалары бiр мың, екi мың жыл бұрын қандай болғанын зерттеуiмiз керек», — дедi Зарқын Тайшыбай. Сол сияқты ол «Солтүстiк Қазақстанның электронды топономикалық базасын» жасау қажеттiгiн де алға тартты.

«Билiктегi адамдар экономиканы ғана емес, тарих және болашақ туралы да ойлауы керек. Есiл — облыстағы ең iрi өзен. Бiз тарихты зерттеп, болашақта қандай жобаларды жүзеге асыру, тәрбие жұмыстарын жүргiзу қажеттiгiн бiлуiмiз керек. Мен сiздiң ұсынысыңызды толығымен қолдаймын», — дедi Құмар Ақсақалов.

Никита Белянкин Солтүстiк Қазақстан облысының гастрономия брендiн құру жөнiндегi жобасын тiлге тиек еттi.

«Бiз облыста өсiрiлген өнiмдердi пайдаланатын боламыз. Өңiрдiң әлеуетi ауқымды. Бұл бағытта елiмiзде бәсекелестер жоқ», — дедi Никита Белянкин.

Барлық жүгiнулер бойынша облыс әкiмi ведомство басшыларына, аудандар мен Петропавл қаласының әкiмдерiне тиiстi тапсырмалар бердi.

Құмар Ақсақалов азаматтарды қабылдау өткiздi

Қаралым саны: 1424
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қараша 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы