A- A A+
Латынға көшу — түркi халықтарын жақындастыратын фактор

Мақаланың шыққан күні 14.09.2017

Латынға көшу — түркi халықтарын жақындастыратын фактор

АСТАНА. ҚазАқпарат — Елiмiздегi өнер мен мәдениет ошақтары, iргелi жоғары оқу орындарының ұжымы, өнер, мәдениет қайраткерлерi латын әлiпбиiне көшу ұлттың болашағына қатысты заман талабы екенiн айтып, Елбасының бастамасына қолдау бiлдiрдi. Бұған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына, ҚР Президентi Әкiмшiлiгiне келiп-түсiп жатқан хаттар дәлел, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сондай хаттардың бiразына шолу жасап көрелiк. Ұлттық мемлекеттiк кiтап палатасының директорының орынбасары Ғ. Рахымбайдың пiкiрiнше, латын қарпiне көшу — түбi бiр, тарихы ортақ түркi халықтарымен жақындастыра түсетiн маңызды факторлардың бiрi. «Олармен бiрлесе отырып, гуманитарлық-ғылыми зерттеулердi жаңа сатыға көтеруге мүмкiндiктiң молаятыны сөзсiз. Бұл ұлттың болашағына қатысты заманның талабы. Бұл iске белсенiп кiрiсетiн кез келдi», — дейдi ол. Қазақстан Республикасының Ұлттық кiтапханасының директоры Ж. Сейдуманов мемлекеттiң табысты дамуы тiлдiк ортаға да байланысты екендiгiне назар аударыпты. Ол латын әлiпбиiне көшу ана тiлiмiздi дамытып қана қоймай, халқымыздың бiрлiгiн күшейтiп, рухани жақындастырады деп санайды. «Бұл қадамның шын мәнiнде мемлекетiмiздiң дамуын жаңа деңгейге көтерiп, елiмiзге жаңа мүмкiндiктер туғызатынына және қазiргi өркениет жетiстiктерiне алып баратынына бiз кәмiл сенiмдiмiз», — деп жазады ол. Абай атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық опера және балет театрының директоры, Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi Асқар Бөрiбаев ел басшысының атына жолдаған хатында мынадай пiкiрiн жеткiзiптi: «Өзiмiздiң төл әлiпбиiмiз, төл жазуымыз пайда болатыны, түркi халықтарының арасындағы рухани байланысты орнатуға мүмкiндiк туатыны, қолдануға өте ыңғайлы, әлемдiк жаңа технологияларға ыңғайланған латын әлiпбиiне көшу елiмiз үшiн үлкен стратегиялық маңызға ие». Латын әлiпбиiне көшу туралы ұсынысты ұжым болып қолдағандардың қатарында А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка мектеп-интернаты да бар. Мекеме директоры М. Қадыров латынға көшу арқылы ана тiлiмiздiң мәртебесi де көтерiлетiнiне тоқталған. «Латынға көшу арқылы елiмiздiң әлемдiк мәдени кеңiстiкке кiруiне және жаңа технологияларды еркiн меңгеруiне жол ашылады. Қазiргi таңда үш тiлдi еркiн меңгерген жас ұрпағымызға латын әлiпбиiн меңгеру еш қиындық келтiрмейдi. Және тез үйренiп, қалыптасып кететiнiне сенiмiмiз мол. Өйткенi өткен жылдан бастап елiмiздiң мектептерiнде ағылшын тiлi сабақтары 1-шi сыныптан бастап оқытылуда. Ерiктi елiмiздiң жас ұрпағы бiлiмдi игеруде жаһандық өзгерiске бейiмделе отырып, қалыптасуы керек. Латын әлiпбиiне көшуге қадам жасалғаны өте қуантарлық шешiм деп бiлемiз. Тiлiмiздiң мәртебесi асқақтай берсiн!», — делiнген оның Елбасының атына жолдаған хатында. Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжiнiң ұжымы латынға көшу туралы бастаманы «Қазақ елiнiң тағы бiр жеңiсi, Елбасының ұтымды ұсынысы» деп бағалап отыр. «Латын әлiпбиi — түбi бiр түркi халқының ортақ дүниесi. Латынға көшу — тәуелсiз Қазақстанның батыл қадамдарының бiрi деп бiлемiз. Бүгiнгi ел ағаларының қазақ тiлiн латын әлiпбиiне көшiру туралы шешiмiн бiз қуанышпен қабылдадық. Шығармашылық-педагогикалық ұжым ретiнде латын әлiпбиiн насихаттауға және оның дамуына аянбай үлес қосамыз», — дейдi мекеме директоры Д. Уәшев. К. Байсейiтова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатының ұстаздары: «латиницаға көшу қиындық туғызбайды» деген ашық пiкiрiн бiлдiрдi. «Бiздiң мектепте оқу мерзiмi 12 жыл. Ағылшын тiлi 1-ден 12-шi сыныпқа дейiн оқытылады. Бұл пәннен мемлекеттiк емтихан тапсырылады. 2016-2017 оқу жылынан бастап елiмiзде бiрiншi болып жоғары сыныптарда 15 топ құрылып, музыка пәндерi: сольфеджио, гармония, әлем мәдениетi тарихы ағылшын тiлiнде өткiзiлуде. Бiздiң оқушылардың ағылшын тiлiн меңгеру деңгейi өте жоғары. Оны мектепке келген шетелдiк қонақтар атап айтып жүр. Латын әлiпбиiне еш қиындықсыз көшуге бiздiң ұжымның (480 оқушы) толық мүмкiндiгi бар»,-делiнген аталған ұжымның хатында. «Тағы бiр артықшылық, егер латынға көшсек, халқымыздың өткен тарихын тереңiнен оқып, бiлуге зор мүмкiндiк туады. Үлкен буын ағаларымыз кирилл қарпiне көшпей тұрғанда латын тiлiнде еш қиындықмыз оқып, жаза бiлген», — дейдi мектеп-интернат директоры О. Абдуллаев. «Бұл болашаққа батыл қадам жасап, елiмiздi бүкiл дүние жүзiне танытып келе жатқан Елбасының тағы бiр баянды бастамасының бiрi және дер кезiнде қозғалған ғылыми маңызы зор шара деп санаймыз», — деп жазады өз хатында Қ. Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттiк академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының басшысы Р. Токтахунов. Оның айтуынша, тәуелсiз елдiң негiзгi белгiлерiнiң бiрi ретiнде жазудың маңызы өте зор. «Бүгiнгi технология заманында ғаламтор желiсiнде латын әлiпбиiмен компьютерде кез-келген адам жұмыс iстей алады. Латынға көшсек, бiрiншiден, қазақ тiлiнiң халықаралық дәрежеге шығуына жол ашылады. Халықаралық ақпарат кеңiстiгiне кiругуге мүмкiндiк туады. Екiншiден, тамыры бiр түркi тiлдес халықтармен рухани байланысты күшейтуге де пайдасы зор болатыны анық», — дейдi ол. П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжiнiң ұжымының Елбасының атына жолдаған хатында: «Латын қарпiне ауысу туралы Елбасының бастамасы қазақ халқын жаңа бiр рухани сатыға көтердi. Латын әлiпбиi жаңа тарихи кезеңге аяқ басуға, бәсекелестiк қабiлеттiлiктi арттыруға, сонымен қатар, бiлiм мен отаншылдықты дамытуға үлкен септiгiн тигiзедi. Бiз Сiздi қолдаймыз! Бiз Сiзбен бiргемiз! Латын әлiпбиiн қолдану — елiмiздiң болашағы үшiн жасалған үлкен тарихи қадам!», — деп жазылыпты. Астана-Балет театры да ұтымды ұсынысқа қолдау бiлдiре отырып, латын әлiпбиiне көшу түркi және жаһандық әлеммен ықпалдасуға, қазақ халқы бұрын қолданған әлiпбиге қайтып оралуға, ұлттық санамыздың жаңғыруына өз септiгiн тигiзедi деген үмiтiн жеткiзген. Ал «Астана Опера» мемлекеттiк опера және балет театрының ұжымы латынға ауысу бiздiң елiмiздi жаһандық өркениетке жақындата түседi деген лебiзiн жолдапты. «Латын әлiпбиi — әлемдегi ең танымал жазулардың бiрi және оның болашағы зор. Театр ұжымы Сiздiң ел өмiрiндегi осы тарихи шешiмiңiздi қолдап, әрi қарай жүзеге асуына үлесiн қосады», — делiнген ұжымның хатында.

Қаралым саны: 366
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы