A- A A+
Петропавлдағы машина жасау кластерін қытай инвесторлары салады

Петропавлдағы машина жасау кластерін қытай инвесторлары салады

Инвесторларды тарту және облыстағы инвестициялық ахуалды жақсарту жөнiндегi Өңiрлiк кеңестiң III отырысында Петропавл қаласының әкiмi Марат Тасмағанбетов пен «Yan De Rui Gong Mao Co Ltd» компаниясының бас директоры Baн Тянь Де 65 млрд. теңгенiң меморандумына қол қойды.

Кездесу кезiнде «Yan De Rui Gong Mao Co Ltd» компаниясының бас директоры Baн Тянь Де жоба Солтүстiк Қазақстан облысының Петропавл қаласында салынатын индустриялық парк екенiн айтты. Идея қытайдың «Бiр белдеу — бiр жол» стратегиясына және қазақстандық «Нұрлы жол — болашақ жолы» бағдарламасына толық сәйкес келедi. Құрылыстың жалпы алаңы 500 гектарды құрайтын болады.

«Бiздiң жоба бiздiң өңiрдiң «Хубай» повинциясынан зор қолдау тапты. Облыс әкiмi Құмар Ақсақаловқа ризашылығымды бiлдiрiп, бiздiң губернатордың алғыс хатын табыс етпекпiн. Мен губернатордың атынан қалалар мен өңiрлер туралы келiсiм жасауға көмек көрсеткенi үшiн өңiр басшысына ризашылық бiлдiремiн», — дедi «Yan De Rui Gong Mao Co Ltd» компаниясының бас директоры Baн Тянь Де.

Baн Тянь Денiң сөзiне қарағанда, машина жасау кластерi орналасқан жерде аз коммуналдық шығын жұмсалып, инвестиция үшiн қолайлы жағдай жасайды. Индустриялық паркте өндiрiстiк цехтар, оқыту цехтары, даму институты болады. Өз кезегiнде Петропавл қаласының әкiмi Марат Тасмағанбетов аталмыш жоба қаланың барлық әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiшi үшiн үлкен серпiн беретiндiгiн атап айтты.

«Бүгiнгi күнi бiрлескен кәсiпорын құрылды, барлық процедуралар өткiзiлдi. Петропавл қаласында өкiлдiк ашылды. Қала әкiмдiгi жер телiмiн бөлiп бередi, алдағы уақытта ол 500 гектарға дейiн ұлғайтылады. Бүгiн қытай компаниясының өкiлдерi айтқандай, оқу орталығы құрылып, болашақта 3000-ға дейiн жұмыс орны құрылатын болады», — дедi қала әкiмi.

Индустриялық парк өндiрiстердi орналастыруды қарастырады. Парктiң ортасында жасыл саябақ аймағы өтедi, оның ұзындығы 700, енi 100 метрдi құрайды, ал аймақтар салалар бойынша бөлiнетiн болады. Парк сұранысқа қарай арнайы машина техникаларын шығармақ.

Мақаланың шыққан күні 25.08.2017
Қаралым саны: 857
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қыркүйек 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есім
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы