A- A A+
Мәулен Әшiмбаев Солтүстiк Қазақстанның дамуына жоғары бағасын бердi

Мақаланың шыққан күні 17.10.2018

Солтүстiк Қазақстан облысында жұмыс сапарымен «Нұр Отан» партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары Мәулен Әшiмбаев болды. Петропавлда Мәулен Әшiмбаев пен өңiр басшысы Құмар Ақсақаловтың қатысуымен партияның облыстық филиалы активiнiң отырысы өттi. Өз сөзiнде партияның бiрiншi орынбасары Солтүстiк Қазақстан өңiрi жақсы қарқынмен дамып келе жатқандығын атап өттi.

«Соңғы жылдары Солтүстiк Қазақстан облысы барлық салаларда қарқынды түрде дамып келедi. Әсiресе, маңызды мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асыруда қол жеткiзген жетiстiктерiн айтуға болады. Көптеген нысандар салынып, кәсiпорындар ашылуда. Елбасының «5 әлеуметтiк бастамасын» орындауда үлкен жұмыстар атқарылуда», — деп атап өттi Мәулен Әшiмбаев.

Мәулен Әшiмбаевтың айтуынша, партия «Елбасының 5 әлеуметтiк бастамасын» одан әрi жүзеге асыруды жалғастырмақ. IT технологияларды жүзеге асыру, шағын және орта бизнестi қолдау, «Рухани Жаңғыру бағдарламасын орындау, партияның бастауыш ұйымдарының қарым-қатынасын нығайту, кәсiби кадрлық резервты күшейту — басым бағыттардың қатарында.

Өңiр басшысы, облыстық партия филиалының төрағасы Құмар Ақсақалов аймақта атқарылған жұмыстарға тоқталып, Елбасының жолдауы аясында жүзеге асырылып жатқан iстер туралы баяндады.

Елбасы жаңа жылдан бастап төменгi еңбекақы мөлшерiн 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейiн өсiрудi тапсырды. Солтүстiк Қазақстанда 43 мың адамда еңбекақы өседi. Жеңiлдетiлген салық 200 мың тұрғынға әсерiн тигiзедi. Медициналық қызметкерлердiң де еңбекақысы 20% пайызға ұлғаймақ. Облыста 300 учаскелiк дәрiгер мен 750 медбикенiң еңбекақысы өседi.

Өз жолдауында Мемлекет басшысы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыруға да тоқталды. СҚО-да бюджеттiк сала өкiлдерiне ипотека одан сайын қолайлы болмақ. Жергiлiктi бюджеттен алғашқы жарнаның бөлiгiн субсидиялауға 200 миллион теңге бөлiнедi. Қазiр облыста 2011 пәтерге шақталған 16 тұрғын үй салынуда. Биыл 10 баспана берiледi. 2019 жылы 1500 пәтер болатын 12 үй бой көтередi. Петропавлда қазiр 1500 орындық 2 мектеп салынуда. Кешендi жоспар аясында облыс орталығында тағы бiр мектеп салу жоспарланған. 120 бiлiм ошағы жөнделмек. Мектептерде 4 мың компьютер жаңартылады.

Жұмыс сапары барысында Мәулен Әшiмбаев Петропавл зауыттарын аралап, Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттерiмен кездестi.

Қаралым саны: 883
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қараша 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Астана — Ұлы дала елордасы«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2018 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы