A- A A+
Мемлекет басшысы Татарстан Республикасының Президентiмен кездестi

Мақаланың шыққан күні 13.06.2017

Мемлекет басшысы Татарстан Республикасының Президентiмен кездестi

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев пен Рустам Минниханов Астана мен Қазан арасындағы мәдени және экономикалық ынтымақтастық мәселелерiн талқылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметi. Мемлекет басшысы Р.Миннихановты Ресей күнiмен құттықтап, екi ел арасында қалыптасқан достық қатынастар туралы айтты.

— Ресеймен де, Татарстанмен де арамызда достық қарым-қатынас орныққан. Қазақтар мен татарлар тарихы, мәдениетi, тiлi мен әдет-ғұрпы жағынан бiр-бiрiне өте жақын. Экономикалық байланыстарымыз да жақсы. «KAMAZ» кәсiпорнымен жұмыс жүргiзiп келемiз, Алматыдағы тiкұшақ зауытына қатысты жобаны iске асырудамыз. Осы және басқа да экономикалық байланыстарды, соның iшiнде мұнай химиясына қатысты байланысты жалғастыра беру керек. Татарстан Президентi Қазақстанға келген миссиясы туралы айтып, елордамыздың жаңа архитектуралық нысандарын және «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенiн аралап көргеннен кейiнгi әсерi жөнiнде ой бөлiстi.

— Бүгiн ЭКСПО-дағы экспозициямызды аштық. Сонымен қатар, Қазақстандағы серiктестерiмiзбен бiрге болашақ жоспарларымызды талқыладық. Көрме кешенi менi қайран қалдырды. Сiздi көрменiң ашылуымен құттықтаймыз. Сондай-ақ, қала көшесiне Сүйiмбикенiң аты берiлуiне орай ризашылығымды бiлдiремiн, — дедi Р.Минниханов.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Рустам Минниханов «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» жолын салу аясындағы инфрақұрылымдық жобаларды iске асыру және Қазақстан мен Татарстанның көлiктiк-транзиттiк әлеуетiн арттыру мәселелерiн талқылады. Кездесу соңында Р.Минниханов Қазақстан Президентiн «Татарстан Республикасына сiңiрген еңбегi үшiн» орденiмен марапаттап, Мемлекет басшысын Татарстанға келуге шақырды.

Қаралым саны: 1797
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы