A- A A+
Мемлекетiмiздiң тұрақтылығы ел дамуының негiзгi факторы — Нұрсұлтан Назарбаев

Мақаланың шыққан күні 19.09.2017

Мемлекетiмiздiң тұрақтылығы ел дамуының негiзгi факторы — Нұрсұлтан Назарбаев

ҚазАқпарат — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жасаған сапары өңiрдiң жұртшылық өкiлдерiмен кездесуiмен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тiлшiсi. «Арай-Плаза» бизнес-орталығында өткен Елбасымен болған кездесуге Жамбыл облысындағы еңбек сiңiрген ардагерлер, шығармашыл зиялы қауым өкiлдерi, бiлiм және ғылым саласының қызметкерлерi, өнеркәсiптiк кәсiпорындарының жұмысшылары, студент жастар, кәсiпкерлер, қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бiрлестiктердiң жетекшiлерi қатысты. Жиында Қазақстан Президентi өңiрдiң химия өнеркәсiбiн дамыту саласындағы әлеуетi зор екенiн айтып, индустриялық және инфрақұрылымдық бағдарламаларды тиiмдi iске асырудың маңыздылығына тоқталды. «Химия саласы облыстың бүкiл өнеркәсiп өндiрiсiнiң 20 пайыздан астамын құрайды. Индустрияландыру бағдарламасы арқылы өңiрде 53 жоба iске асырылды. Осы мақсатпен 158 миллиард теңге көлемiнде инвестиция тартылып, 7 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық автожолы салынды. Қаратау мен Жаңатас қалаларына едәуiр қолдау көрсетiлдi. Жалпы, жүзеге асырылып жатқан барлық бағдарламалар халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған, — дедi Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президентi халқымыздың бiрлiгi мен мемлекетiмiздiң тұрақтылығы ел дамуының негiзгi факторы болып саналатынын айтты.

«Мұның бәрi — барша қазақстандықтар бiрлiгiнiң, келiсiмi мен достығының, қоғамдағы тұрақтылықтың нәтижесi. Бiздiң бiтiмгер мемлекет атанғанымыз бекер емес. Сирияда даму жоқ. 600 мың адам босып кеттi? Оған кiм кiнәлi? Сондықтан да мен үнемi тұрақтылық, тыныштық болған жерде ғана даму болады деп айтамын. Осы тұрақтылықтың арқасында бiздегi барлық этнос өкiлдерi тату-тәттi өмiр сүрiп жатыр. Сол үшiн бiздi көпшiлiгi бағалайды, құрметтейдi», — дедi Елбасы. Сондай-ақ, Елбасы өңiрде шешiмiн таппай тұрған бiрқатар мәселелерге, атап айтқанда облыстың өнеркәсiптiк әлеуетi де толықтай ашылмағандығына және өнiмдi жұмыспен қамту мәселесiнiң шешiлмей отырғанына назар аударды. «Өңiрдiң әлеуметтiк даму көрсеткiштерi төмен. Жалпы, облыстың өнеркәсiптiк әлеуетi де толықтай ашылмай отыр. «Жiбек жолы» экономикалық белдеуiн дамыту барысында 5 жобаны iске асыру көзделген. Бiрақ бүгiнгi күнге дейiн бiр де бiр жоба iске қосылмаған», — деп түйдi Қазақстан Президентi.

Қаралым саны: 715
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Экономикалық сала - 79
35%
Әлеуметтік сала - 55
25%
Денсаулық сақтау - 51
23%
Мәдениет - 19
8%
Білім - 20
9%
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы