A- A A+
Мемлекеттiк басқару академиясына құжаттар қабылдау жалғасуда

Мақаланың шыққан күні 17.06.2019

Мемлекеттік басқару академиясына құжаттар қабылдау жалғасуда

Қазiргi таңда Академия халықаралық бiлiм беру стандарттары бойынша жұмыс iстейдi және iс басындағы мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiби дамуы мен бiлiм алуына жауап беретiн Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны болып табылады. Академияның жұмысы мемлекеттiк аппаратқа стратегиялық және инновациялық тұрғыда ойлай бiлетiн, және, сәйкесiнше, бүгiнгi күннiң ғана емес, ертеңгi күннiң де мiндеттерiн шеше алатын кадрларды дайындауға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясы еңбек өтiлi 1 жыл+ мемлекеттiк қызметшiлердi магистратураның 11 бағдарламасының немесе докторантураның 4 бағдарламасының бiрiне грантқа түсуге шақырады.

Академиядағы оқу қандай бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады?

МАГИСТРАТУРА (1 жылдық оқу)

  • MPMМемлекеттiк менеджмент (ыңғайлы оқу кестесi, тек Нұр-Сұлтан қаласына)
  • MDPAЦифрлық мемлекеттiк басқару
  • MACPСыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
  • MPPLМемлекеттiк саясат және құқық
  • MPPМемлекеттiк саясат (ағылшын тiлiнде оқытылады)
  • MHRM Адами ресурстарды басқару
  • MIRХалықаралық қатынастар

МАГИСТРАТУРА (2 жылдық оқу)

  • MPPМемлекеттiк саясат
  • MPAМемлекеттiк басқару
  • ME Экономика
  • MRD Өңiрлiк даму

ДОКТОРАНТУРА (3 жылдық оқу)

  • DPAМемлекеттiк басқару
  • DEЭкономика
  • DIRХалықаралық қатынастар
  • EDPM Мемлекеттiк менеджмент

Мемлекеттiк қызметшiлер үшiн Академияда оқудың артықшылықтары:

  • Академиядағы оқу уақыты мемлекеттiк қызмет өтiлiне есептелiнедi.
  • Академияда бiлiм алушылар соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық жалақы мөлшерiнде стипендия алады.
  • Академияда бiлiм алушылар Maxwell School of Citizenship and Public Affairs — Сиракуз университетi (АҚШ), DBB академиясы (Берлин, Германия), Вена дипломатиялық академиясы (Австрия), Эстон дипломатия мектебi, Мохаммед Бин Рашид атындағы Мемлекеттiк басқару мектебi (БАӘ), Нидерландтық «Clingendael» Халықаралық қатынастар институты (Нидерланды), сондай-ақ Сыртқы iстер министрлiгiнiң шетелдегi дипломатиялық өкiлдiктерiнде бiлiм алуға және тағылымдамадан өтуге мүмкiндiк алады.
  • Бiлiм алушылар Мемлекеттiк басқару академиясы жанындағы зерттеу орталықтарының жұмысына қатыса алады, мемлекеттiк сектордағы жобалық менеджмент бойынша сертификатталған сарапшылардың жетекшiлiгiмен өз жобаларын құрып, iске асыра алады.

Академияға түсу үшiн қажеттi құжаттар тiзiмi

  • Өтiнiш
  • Бiлiм туралы құжаттың көшiрмесi (қосымшаларымен бiрге)
  • IELTS немесе TOEFL тестiн тапсырғаны туралы сертификаттың көшiрмесi немесе APTIS тестiн тапсыруға арналған тiркеу нысаны
  • Еңбек қызметiн растайтын құжат (мемлекеттiк қызметшiлер үшiн қызмет тiзiмi немесе басқа тұлғалар үшiн еңбек кiтапшасының көшiрмесi)
  • 086-У нысанындағы медициналық анықтама
  • Мемлекеттiк органның жолдамасы (мемлекеттiк қызметшiлер үшiн)
  • Магистратура бағдарламасының үмiткерлерi үшiн — мотивациялық эссе және бағдарлама бойынша эссе, докторантура бағдарламасының үмiткерлерi үшiн — мотивациялық эссе, зерттеу жұмысының жоспары (research proposal) және ғылыми еңбектердiң тiзiмi (бар болған жағдайда)

Құжаттарды қабылдау 2019 жылдың 12 шiлдесiне дейiн, APTIS тестiлеуi — 2019 жылдың 17–18 шiлдесiнде жүргiзiледi. APTIS тестi төрт тiлдiк дағды бойынша тапсырмаларды қамтиды: айтылым, жазылым, оқылым және тыңдалым. APTIS тестiн ұйымдастыру мен өткiзудi Британ кеңесi жүзеге асырады, бұл процестiң объективтiлiгi мен ашықтығын қамтамасыз етедi.

Академияның мемлекеттiк қызметшiлердiң IТ-құзыреттiлiгiн дамыту үшiн заманауи цифрлық платформасы, озық материалдық-техникалық базасы бар, ал оқу үдерiсiн ұйымдастырудың өзi цифрлық және интерактивтi оқыту технологияларын барынша қолдануға негiзделген. Академияның профессор-оқытушылар құрамы штаттағы, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан шақырылған оқытушылар-практиктерден тұрады, олар министрлер, министр орынбасарлары, әр түрлi департаменттердiң директорлары, елшiлер және т.б.

Мемлекеттiк басқару академиясына оқуға түсу туралы толығырақ ақпаратты www.apa.kz сайтынан және +7 (7172) 75 33 95; +7 (7172) 75 34 43 телефондары немесе admissions@apa.kz e-mail адресi арқылы бiлуге болады.

Мемлекеттік басқару академиясына құжаттар қабылдау жалғасуда

Қаралым саны: 381
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Шілде 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы