A- A A+
СҚО мен Ишэбэй корпорациясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

СҚО мен Ишэбэй корпорациясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Қазакстан-Қытай форумы аясында Солтүстiк Қазақстан облысы мен «Ишэбэй» Шаньси ғылыми-техникалық корпорациясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Экспо-2017» халықаралық жәрмеңкесi аумағында Қытай Халық Республикасы павильонында Шаньси провинциясының ресми аймағының ашылуы

болды. Ол рәсiмге Солтүстiк Қазақстан облысының өкiлдерi де қатысты.

«Бiздiң облысымыздың экономикасын дамыту үшiн Қытайдың 40-тан астам ұқсату кәсiпорындарын тартқымыз келедi. Сол сияқты ұқсату саласындағы ынтымақтастыққа машина жасаушылардың да шақыруын күтудемiз. Ол қосымша инвестициялар тартып, Қытаймен сауда жасауға жақсы ықпал етедi, тауар айналымын көбейтедi және қосымша жұмыс орындарын ашады»,- дедi облыс әкiмiнiң орынбасары Дәурен Жандарбек.

Шаньси провинциясының аймағы ашылғаннан кейiн Пекин-Палас қонақүйiнде iрi корпорациялардың өкiлдерiнiң қатысуымен Қазақстан-Қытай форумы өттi. Солардың бiрi — шаньсилiк «Луань» тау-кен корпорациясы. Ол — провинцияның бес iрi өндiрiс орнының бiрi болып табылады. Көмiр қазбасын қабылдайтын энергетикалық және химиялық корпорацияның жылдық айналымы 20 000 000 000 юаньды құрайды.Ол дүниежүзiндегi осы саладағы 500 iрi компанияның iшiнде 370-орынды иеленедi.

«Астанадағы «Экспо-2017» көрмесiн пайдалана отырып, Қазақстанға өз технологиямызды және өз өнiмiмiздi өткiзу үшiн құрал-жабдықтарымызды әкелгiмiз келедi. Осында Солтүстiк Қазақстан облысының өкiлдерiмен кездесiп, әңгiмелестiк және әрi қарай ынтымақтастық орнатуға ниетiмiз бар. Қытай мен Қазақстан тараптарының қолдауымен өзара тиiмдi осы салада ынтымақтастықты дамытқымыз келедi», — дедi «Луань» компаниясының атқарушы директоры Лю Цзюнь.

Шаньсидiң «Ишэбэй» ғылыми-техникалық корпорациясы да ынтымақтастық туралы еске салды, ол экологиялық, энергия үнемдеу, аз көмiрқышқылды патенттi техникаларға маманданған. Компания өкiлдерi өз кәсiпорны мен өндiрiсi туралы бейнетаспаны көрсеттi.

Форумның соңында Солтүстiк Қазақстан облысы мен «Ишэбэй» Шаньси ғылыми-техникалық корпорациясы арасында өзара тиiмдi ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

СҚО мен Ишэбэй корпорациясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

СҚО мен Ишэбэй корпорациясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Мақаланың шыққан күні 07.07.2017
Қаралым саны: 1192
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қыркүйек 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есім
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы