A- A A+
Назарбаев майлы дақылдарды өсiруде жетiстiкке жеткен Солтүстiк Қазақстанды атап өттi

Мақаланың шыққан күні 31.01.2019

Назарбаев майлы дақылдарды өсiруде жетiстiкке жеткен Солтүстiк Қазақстанды атап өттi

Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстiк Қазақстан облысының егiстiк алқаптарын әртараптандыру бағытында атқарған жұмысына оң бағасын бердi.

Мемлекет басшысы агроөнеркәсiп секторында жүйелi жұмыстардың атқарылғанын, оның тиiсiнше жемiсiн бере бастағанын атап өттi. Былтыр 23 млн. тоннаға жуық бидай қамбаға құйылды. Қант қызылшасы, зығыр, соя бұршағының алқаптары өстi. Солтүстiк Қазақстан — майлы дақылдарды өсiрудегi үздiк өңiр.

«Солтүстiк Қазақстанда майлы дақылдардың алқаптары екi есеге өсiп, 1 млн. га жеттi. Бұл елiмiздегi алқаптардың 40%. Бұрын мұндай болған емес. Құмар Ақсақалов тек қана бидай емес, майлы дақылдарды да өсiру тиiмдi екенiн түсiндi. Басқалар да ойлансын!», — дедi Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұған дейiн өткен СҚО әкiмдiгiнiң отырысында Құмар Ақсақалов облыс 2019 жылы да егiстiк алқаптарын әртараптандыруды жалғастыратынын айтқан болатын.

«Егiстiк алқаптарын әртараптандыруды жалғастырамыз. Былтыр 1 млн. га жеткiздiк, биыл тағы жұмыс iстеп, егiстiк алқаптары құрылымының 25% жеткiзу керек. Бiз дұрыс бағыттамыз. Жыл қорытындылары көрсеткендей, диқандардың табысы өстi. Майлы дақылдар сұранысқа ие, экспортқа бағытталған тауар», — дедi Құмар Ақсақалов.

Қаралым саны: 2539
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Тамыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Қазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы