A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қазақстанның досы да, жаманшылық ойлайтындар да бар — ҚР Президентi

Қазақстанның досы да, жаманшылық ойлайтындар да бар — ҚР Президентi

ҚазАқпарат — Қазақстанның досы да, жаманшылық ойлайтындар да бар. Бүгiн ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң 25 жылдық мерейтойына арналған мерекелiк концертте Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құқық қорғау органдарының баршасы, Қазақстан әскерi биыл 25 жылдық мерекелерiн атап өтiп жатыр. Себебi, Тәуелсiздiгiмiздiң 25 жылдығын былтыр тойладық. Өздерiңiз бiлесiздер, 16-шы желтоқсанда Тәуелсiздiк жарияладық. Келесi 1992 жылдың басынан бастап, өзiмiздiң әрбiр мекемелерiмiздi құра бастадық. Өз әскерiмiз болған жоқ. Оны құрдық. Өз полициямыз болған жоқ. Оны да құрдық. Қауiпсiздiк комитетi де болған жоқ. Оны да құрдық. Сыртқы iстер саясатының да министрлiгi болған жоқ. Оны да құрдық. Басқасының барлығын құрып келе жатырмыз. Бүгiн мемлекеттiк органдардың барлығы құрылды. Тиiстi мекемелердiң барлығы құрылды», — деп атап өттi Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президентi елордамызды тұңғыш рет өзiмiз таңдап, Сарыарқаның төсiне салғанымызды, төңiрегiмiздегi барлық елдермен бейбiтшiлiк келiсiмi бар екендiгi, көршiлерiмiзбен достық пен сенiм шекараларын орнатқанымызды атап өттi. «Ал алыс елдермен де қарым-қатынасымыз жақсы. Саяси жағынан барлығын орнаттық. Дегенмен ел ел болу үшiн, тәуелсiздiк мықты болу үшiн еш уақытта қол қусырып, тыныш жатпауымыз керек.

«Үй өзiмдiкi деме, үй сыртында бөрi бар» деген қазақтың сөзi бар. Ол сiздер үшiн айтылған. Әр уақытта бiздiң елiмiзге, байлығымызға, тұрақтылығымызға, Қазақстанның бүкiл дүниежүзiндегi абыройына, беделiне қызғанатын адамдар аз емес. Досымызда көп. Жаманшылық ойлайтындары да бар. Өкiнiшке қарай, iшiмiзде де кездеседi. Сондықтан осының барлығын Конституциялық жүйемiздi сақтау, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қорғау, мемлекеттiң күшейту жолында жұмыс iстеу, экономикалық, iшкi, сыртқы қауiпсiздiк барлығы бiрге жүредi. Сондықтан мен комитет қызметкерлерiнiң барлығына сенемiн. Жұмыстары алға жылжи берсiн, өздерiне және жанұяларына ең iзгi тiлектердi тiлеймiн», — дедi Мемлекет басшысы.

Мақаланың шыққан күні 14.07.2017
Қаралым саны: 159
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Шілде 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы