A- A A+
Әлем ғалымдары Назарбаевтың ядролық қарусыздануға қосқан үлесiн жоғары бағалады

Мақаланың шыққан күні 25.08.2017

Әлем ғалымдары Назарбаевтың ядролық қарусыздануға қосқан үлесiн жоғары бағалады

ҚазАқпарат — Астанада ғылым мен жаһандық проблемаларды талқылайтын Пагуош ғалымдар қозғалысының 62-шi конференциясы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ең алғаш 1957 жылы әлем ғалымдары Канаданың Пагуош ауылында жиналып, әлемдiк саясаттың маңызды аспектiлерi, ядролық соғыс қаупi туралы пiкiр алмасқан едi. 2002 жылға дейiн адамзатқа төнген қауiп-қатерлер талқыланатын бұл дәстүрлi жиын әлемнiң 275 мемлекетiнде өткiзiлiп, оған қатысқан адамдар саны 4 мыңнан асып жығылды. Биылғы кездесуде Пагуош ғалымдар қозғалысының қатысушылары, БҰҰ өкiлдерi, халықаралық ұйымдар мен қауiпсiздiк саласындағы саяси қайраткерлер мен халықаралық сарапшылар жаңа ядролық қатерлерге қарсы тұру жөнiнде сөз қозғамақ. «Бiр кездерi Қазақстан ядролық қарудың аса ауыр зардабын шегiп едi. Бұл мемлекет ядролық сынақтарды тоқтатудың маңызды элементi болып қала бередi. Бiз ядролық қарудың ешбiр елде болмағанын қалаймыз және бүгiн ядролық қарусыздандыру мен оны таратпау мәселелерiн талқыға саламыз. Қазiргi уақытта 15-16 мың дана көлемiнде ядролық қару бар, сондықтан ядролық қауiп-қатерлер мәселесiн тасада қалдыра алмаймыз. Пiкiрлер сан алуан болғанымен, түйiн — бiреу.

Ядролық қаруды түбегейлi жоюды талқылайтын боламыз»,- дедi Пагуош конференцияларының (Пагуош ғалымдар қозғалысы) Бас хатшысы Паоло Котта Рамусино шараның ашылу салтанатында. Салтанатты ашылуда сөз сөйлеген ғалымдар Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыздандыру процесiне қосқан үлесiне жоғары баға бердi. «Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру идеясы алғаш рет айтылған БҰҰ жиналысында мен де болдым. Бiз Қазақстанның ядролық қарусыздандыру ғана емес, Сирия мәселелерi бойынша да диалогтық платформаға айналғанын көрiп отырмыз. Астана процесi бұл шиеленiстiң саяси шешiмiн iздеуге елеулi үлес қосып келедi», — деп атап өттi БҰҰ Бас хатшысының бұрынғы орынбасары, Пагуош қозғалысының президентi Джаянта Данапала. Пагуош қозғалысы бейбiтшiлiк, қарусыздану, қауiпсiздiк және ғылыми ынтымақтастық жолындағы ғалымдардың, саяси және қоғамдық қайраткерлердiң iрi халықаралық ұйымы болып табылады. 1955 жылы Бертран Рассел мен Альберт Эйнштейн әлемнiң алдыңғы қатарлы ғалымдарын ядролық қарудың қаупiне назар аударуға шақырған манифестке қол қойды. Эйнштейн қол қойған соңғы тарихи құжат қозғалыстың негiзiне айналды. Ұйым ядролық қаруды атмосферада, ғарыш кеңiстiгiнде және су астында сынауға тыйым салу туралы шарт; Ядролық қаруды таратпау туралы шарт; Зымыранға қарсы қорғаныс жүйесiн шектеу туралы шарт; Биологиялық және химиялық қару түрлерiне тыйым салу туралы конвенция; Еуропадағы кәдiмгi қарулар туралы шартқарусыздану және қауiпсiздiк саласындағы көптарапты негiзгi келiсiмдердi әзiрлеу және қабылдауда маңызды рөл атқарды. 1995 жылы Пагуош қозғалысы Нобельдiң бейбiтшiлiк сыйлығына ие болды. Пагуош қозғалысының Астанадағы кездесуi 25-29 тамыз күндерi өтедi.

Қаралым саны: 1641
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы