A- A A+
Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Отан қорғаушылар» монументiне гүл шоқтарын қойды

Мақаланың шыққан күні 09.05.2017

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Отан қорғаушылар» монументiне гүл шоқтарын қойды

ҚазАқпарат — Бүгiн Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Екiншi дүниежүзiлiк соғысындағы Жеңiстiң 72 жылдығына орай Астанадағы «Отан қорғаушылар» монументiне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Президент және алаңға жиналған қауым Екiншi дүниежүзiлiк соғыста қаза болған жауынгер қазақстандықтарды бiр сәт үнсiздiкпен еске алды. Ресми рәсiмнен кейiн ҚР Республикалық үрмелi аспаптар оркестерi елiмiздiң Гимнiн орындады. Осыдан кейiн Құрметтi қарауыл ротасы ҚР Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас Қолбасшысының және Ұлы Отан соғысы ардагерлерiнiң алдында салтанатпен сап түзеп жүрiп өттi. Гүл шоқтарын қою рәсiмiне ҰОС ардагерлерi, ҚР Президентi Әкiмшiлiгiнiң, ҚР Үкiметiнiң, ҚР Парламентiнiң, орталық мемлекеттiк органдарының, дипломатиялық корпустардың өкiлдерi және қала жұртшылығы қатысты. Соңғы деректер бойынша Қазақстаннан майданға аттанған 1 млн 200 мың жауынгердiң 600 мыңы үйлерiне қайтып оралмады. Жалпы, бұрынғы Кеңес Одағының 27 миллионға жуық адамын жалмаған қанды қырғында елiмiзден аттанған 500-ден астам жауынгер 1934 жылы бекiтiлген ең жоғарғы Кеңес Одағының Батыры атанған болатын, оның 100-ден астамы — қазақтар. Сонымен қатар 142 қазақстандық Даңқ орденiнiң толық иегерi атанса, Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар саны 100 мыңға жуықтайды. Соғыс ардагерлерiнiң қатары жыл өткен сайын сиреп барады. Бүгiнде Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 2 мыңға жуық ардагерi тұрады.

Қаралым саны: 2718
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Экономикалық сала - 79
35%
Әлеуметтік сала - 55
25%
Денсаулық сақтау - 51
23%
Мәдениет - 19
8%
Білім - 20
9%
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы