A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚР Премьер-Министрi Мемлекет басшысына атқарылған жұмыстар туралы есеп бердi

ҚР Премьер-Министрi Мемлекет басшысына атқарылған жұмыстар туралы есеп бердi

ҚазАқпарат — Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметi.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша Үкiметтiң атқарған жұмысы жөнiнде есеп берiлдi. Қазақстан Президентi елiмiздiң экономикалық даму көрсеткiштерi өсiп келе жатқанын айтып, мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды одан әрi iске асырудың маңыздылығын атап өттi. «Менiң тапсырмам бойынша елiмiздiң бiрнеше өңiрiн аралап шықтыңыз. Жалпы, тұрақты ахуал байқалуда. Алдымызда егiн ору науқаны тұр. Оны тиiстi деңгейде жүргiзуiмiз қажет», — дедi Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаевқа 7 айдың қорытындысы бойынша экономиканың даму барысы және бағдарламалардың аралық нәтижелерi жөнiнде мәлiмделдi.

«Экономикалық өсiм 4,2%-ды құрап отыр. Өндiрiс саласындағы көрсеткiштер мұнай өңдеу деңгейi төмендеген Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан басқа елiмiздiң барлық өңiрiнде 100 пайыздық мөлшерден асты.Бiз қазiргi уақытта бұл өңiрлерге жаңа резерв көздерiн жұмылдыру мәселесi бойынша жұмыстар жүргiзiп жатырмыз. Негiзгi капиталға инвестиция тарту мәселесi жөнiнде. Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 3,7% өсiм байқалуда.Барлық өңiрлерде көрсеткiштер жақсы. Инфляция деңгейi биылғы маусым айымен салыстырғанда 0,1%-ке өстi. Азық-түлiк бағасы 0,5%-ке төмендегенiн атап өткiм келедi. Жұмыссыздық деңгейi 4,9%-тi құрап отыр, — деп баяндады Б.Сағынтаев. Сонымен қатар, Премьер-Министр индустрияландыру бағдарламасының iске асырылуы жөнiнде есеп бердi.

Оның аясында биылғы бiрiншi тоқсанның қорытындысы бойынша 31 жоба iске қосылды. Б.Сағынтаевтың мәлiметiне сәйкес, екiншi тоқсанда жаңа 10 мың жұмыс орнын қамтитын 100 жобаны iске асыру жоспарланып отыр.

«Экономиканың өсуiне «Нұрлы жол» бағдарламасының iске асырылуы зор үлес қосып отыр. Биыл автомобиль жолдарының құрылысына 356 миллиард теңге қарастырылған. Сондай-ақ, қазiр 600 шақырым жол iске қосылды. Жыл соңына дейiн 469 шақырым жол ақылы болмақ. Алғаш рет осындай жүйеге қосылған «Астана-Бурабай» тасжолы жылына 1,5 миллиард теңгеге дейiн пайда әкелiп, оның құрылысына жұмсалған қаражатты ақтап отыр. Қазiр «Астана-Темiртау» тасжолын осы жүйеге қосу жұмыстары жүргiзiлуде», — дедi Премьер-Министр.

Сондай-ақ, Б.Сағынтаев «Нұрлы жер» бағдарламасының орындалу нәтижелерi туралы баяндады. Оның аясында биыл 10,2 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Премьер-Министрдiң мәлiметiне сәйкес, бiрiншi жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 5,5 млн шаршы метрдi қамтитын құрылыс жұмыстары аяқталған. Мемлекет басшысына ауыл шаруашылығындағы бағдарламалардың iске асырылуы туралы есеп берiлiп, ел экономикасын несиелендiру жөнiнде мәлiмет ұсынылды. Соңында Қазақстан Президентi Үкiмет пен әкiмдердiң алдына қойылған мiндеттердi орындауды жалғастыруды тапсырып, бұл ретте өсiмнiң оң қарқынын сақтаудың және бөлiнген қаражатты игерудiң маңыздылығына тоқталды.

«Үкiмет қызу жұмыс жүргiзiп отыр деп есептеймiн. Мен жылды жақсы нәтижелермен қорытындылау үшiн бәрiңiздi ұйымшылдықпен жұмыс iстеуге шақырамын. Тәуекелдi тұстар да жоқ емес. Энергия тасымалдаушыларымызға, шикiзат өнiмдерiне деген бағаның өзгерiсi. Бәлкiм, батыстың Ресейге қатысты санкциялары әсер етер. Осыны ескеру қажет», — дедi Елбасы.

Мақаланың шыққан күні 08.08.2017
Қаралым саны: 729
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Тамыз 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы