A- A A+
Борышкерлердiң (банкроттардың) мүлiгiн электрондық аукцион арқылы сату туралы

Мақаланың шыққан күні 13.06.2019

«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы Заңында (99-бабының 1-тармағында) талап қою құқығын қоса алғанда, банкроттың мүлкiн сатуды банкроттықты басқарушы (әкiмшi) сату жоспарына сәйкес не тiкелей сату әдiсiмен электрондық аукцион өткiзу арқылы жүзеге асырылады деп анықталған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығымен Борышкердiң (банкроттың) мүлкiн (активтерiн) сату бойынша электрондық аукционды өткiзу және оны ұйымдастырушыны айқындау қағидалары бекiтiлдi (бұдан әрi — Қағида) электрондық аукционды ұйымдастырушы «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ (бұдан әрi — сауда-саттықты ұйымдастырушы) болып айқындалды

Ереже борышкердiң мүлкiн сату процесiн толық автоматтандыруды көздейдi: өтiнiмдер беруден бастап және аукцион қорытындысын шығаруға дейiн. Борышкерлердiң мүлiгiн сату on-line режимiнде www.gosreestr.kz мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмi веб-порталында жүргiзiледi.

Борышкерлердiң мүлкiн сату туралы хабарландырулар, сондай-ақ сатылатын мүлiктiң бейнесiн, техникалық сипаттамаларын қоса алғанда, сатылатын мүлiк туралы барлық ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiнiң сайтында «Электрондық сауда алаңы» бөлiмiнде (www.gosreestr.kz) орналастырылады.

Ережеде әкiмшi сату жоспарын бекiткеннен кейiн екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей сауда-саттықты ұйымдастырушының мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiнiң веб — порталында (бұдан әрi-тiзiлiмнiң веб-порталы) әрбiр лот бойынша қажеттi ақпаратты дерекқорға енгiзудi қамтамасыз етедi деп көзделген (оның iшiнде сатушының деректерi, банкроттың атауы, борышкердiң заңды мекенжайы, сату объектiсiнiң орналасқан жерi, сату объектiсi туралы мәлiметтер, банк деректемелерi және т.б.).

Тiзiлiмнiң веб-порталында электрондық аукцион өткiзу туралы ақпараттық хабарламаны жариялау үшiн әкiмшi әрбiр лот бойынша дерекқорға сату объектiсi бойынша мәлiметтердi қосымша енгiзедi (оның iшiнде сату жоспары, сату объектiсiне құқық белгiлейтiн құжаттар, кредиторлар жиналысының хаттамасы және т. б.).

Электрондық аукцион өткiзу туралы ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейiн сауда-саттықты ұйымдастырушы тiзiлiм веб-порталында орналастырылған лот бойынша ақпаратқа барлық ниет бiлдiрушiлердiң еркiн қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi, әкiмшi сату объектiсiне барлық ниет бiлдiрушiлердiң еркiн қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi.

Электрондық аукционға қатысушыларды тiркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап тiзiлiмнiң веб-порталында жүргiзiледi және электрондық аукцион басталғанға дейiн екi сағат бұрын аяқталады. Электрондық аукционға қатысушы ретiнде тiркелу үшiн қатысушының ЭЦҚ қойылған бекiтiлген нысан бойынша тiзiлiмнiң веб-порталында электрондық өтiнiмдi тiркеу қажет.

Электронды өтiнiм беру үшiн алдын ала тiзiлiмнiң веб-порталында мыналарды көрсете отырып тiркелу қажет:

  1. жеке тұлғалар мен жеке кәсiпкерлерге: ЖСН, тегi, аты және әкесiнiң атын (болған жағдайда);
  2. заңды тұлғалар үшiн: БСН, толық атауы, бiрiншi басшысының тегi, аты және әкесiнiң атын (бар болған жағдайда);
  3. екiншi деңгейдегi банкте кепiлдiк жарнаны қайтару үшiн банктiк есеп-шот деректемелерiн;
  4. байланыс деректерiн (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail).

Электрондық аукцион аукцион залында, демалыс және мереке күндерiнен басқа, сейсенбiден бастап жұманы қоса алғандағы кезеңде сағат 10:00-ден 17:00-ге дейiн Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша өтедi, бұл ретте электрондық аукцион Нұр-Сұлтан қаласының уақыты сағат 15:00 кешiктiрмей басталады.

Премьер-Министрдің орынбасары Г.Н. Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен еңбек даулары мен жалақы берешегі мәселелері жөніндегі селекторлық кеңестің хаттамасы (ZIP 16 Kb)

Қаралым саны: 756
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Шілде 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы