A- A A+
Орталық Азия елдерi Қазақстанның табысты саясатының нәтижесiн көрiп отыр — сарапшы

Мақаланың шыққан күні 18.09.2017

Орталық Азия елдерi Қазақстанның табысты саясатының нәтижесiн көрiп отыр — сарапшы

АСТАНА. ҚазАқпарат — Орталық Азия елдерi Қазақстанның саясатын өте жоғары бағалап отыр. ҚР Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) директорының орынбасары Санат Көшкiмбаев осындай пiкiр бiлдiрдi, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». «Тәуелсiздiк жылдарында Орталық Азияға қатысты Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұстанып келе жатқан интеграциялық стратегия уақыт сынағынан өттi. Яғни Өзбекстан мен Түрiкменстан президенттерiнiң сапарлары бұл елдердiң лидерлерi Қазақстанның Орталық Азиядағы саясатын өте жоғары бағалайтындығын растап отыр. Осы орайда өңiрдегi мемлекеттердiң экономикалық әлеуетiн, саяси тұғырнамаларын бiрiктiру бойынша ҚР Президентiнiң күш-жiгерiне аса құрметпен қарайды. Атап айтқанда, өңiрлiк байланыстарды жандандыра түсуге айрықша мән берiлiп отыр», — деп тоқталды саяси ғылымдарының докторы. Осы орайда ол Өзбекстан Президентi Шавкат Мирзиёевтiң Ташкентке мемлекеттiк сапармен келген Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевты «Ел-жұрт құрметi» орденiмен марапаттауының маңызы зор екенiн атап өттi. «Елбасы марапатталған жоғары награда қазақстандық саясаттың ашық әрi айқын, жүйелi екендiгiне берiлген бағалаудың бiрi болып табылады. Себебi елiмiз қарым-қатынастарда шектен тыс шығатындай қадамдарға жол берген емес. Атап өтер жайт, Орталық Азия елдерi су, энергетика, шекара мәселесiнде түрлi ұстанымдар бойынша тұралап қалған кезеңдерде Қазақстан шектен шығатындай ұстанымдардан тартынуға тырысты. Бұл тұрғыда елiмiз өзара келiсiмге негiзделген күн тәртiбiне назар аударып келдi. Сол кездерде Президент Назарбаев өңiр елдерi бәрiбiр де аталған мәселелерде өзара келiсiмге келетiнiн дәйектi түрде айтқан болатын, себебi бұл қадамдар барша мемлекеттер үшiн өзара тиiмдi болады», — дейдi Санат Көшкiмбаев. Ғалымның сөзiне қарағанда, нәтижесiнде, Орталық Азия елдерi бiрлестiрушi ұстанымға қарай өздерiнiң стратегиясын өзгертуде. Қазiргi кезде Орталық Азия елдерiнiң күн тәртiбiнде серiктестiк пен ынтымақтастықты басты назарға алатын өзара iс-қимыл тұр. «Бұл ретте Елбасының Өзбекстанға сапары өте көрнектi әрi табысты болып отыр. Яғни Орталық Азияда кооперациялық, бiрлестiрушi күн тәртiбiн алға жылжыту тұрғысында сәттi өттi деп айтуға болады. Ендi келесi сапар бiрден Түрiкменстанда жалғасын тапты. Бейтарап Түрiкменстан өзiнiң өңiрдегi көршiлерiмен сындарлы негiзде бiрлесiп алға жылжу ниетiн танытуда», — деп тоқталды ол. Оның айтуынша, мемлекет басшылары өзара тиiмдi көлiктiк, коммуникациялық жобаларға, сондай-ақ темiр жол мен басқа да салалардағы ынтымақтастыққа мән бередi. «Осы экономикалық аспектiлер айтарлықтай жанданды. Бұл өз кезегiнде Орталық Азияда Қазақстан саясаты, стратегиясы табыстылығының дәлелi деп толық сенiммен айтуға болады», — деп түйiндедi сөзiн Санат Көшкiмбаев. Бұдан бұрын хабарланғандай, 16 қыркүйекте Өзбекстан Президентi Шавкат Мирзиёев Ташкентке мемлекеттiк сапармен келген Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевты «Ел-жұрт құрметi» орденiмен марапаттады. Осы сапар барысында Қазақтан мен Өзбекстан өзара тауар айналымын 5 млрд долларға жеткiзуге уағдаласқаны белгiлi болды.

http://www.inform.kz/kz/ortalyk-aziya-elderi-kazakstannyn-tabysty-sayasatynyn-natizhesin-korip-otyr-sarapshy_a3066052

Қаралым саны: 266
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы