A- A A+
Петропавлда Бәйкен Әшiмовке ескерткiш ашылды

Мақаланың шыққан күні 04.08.2017

Петропавлда Бәйкен Әшiмовке ескерткiш ашылды

Петропавлдағы мәдениет және демалыс саябағында мемлекет және қоғам қайраткерi, Ұлы Отан соғысының ардагерi, Социалистiк Еңбек Ерi, Солтүстiк Қазақстан облысының Құрметтi азаматы Бәйкен Әшiмовтiң ескерткiш-мүсiнiнiң ашылуына арналған салтанатты рәсiм өттi. Бұл шара Бәйкен Әшiмұлының туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Аталмыш шараға қоғам қайраткерлерi, шығармашыл зиялы қауым, ардагерлер, мерейтой иесiнiң туысқандары, сол сияқты жергiлiктi университет пен колледждердiң студенттерi қатысты. Жиналғандарды Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов құттықтады. Өңiр басшысы ұлы тұлғалардың есiмiн ұлықтау, тарихи-мәдени нысандар ашу, ескерткiштер орнату — Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың өзектi бағыттарының бiрi екендiгiн атап айтты.

«Бағдарламаны жүзеге асыру бiздiң мемлекетiмiздiң, халқымыздың тарихын тануға, ел тарихында ешкiмге ұқсамайтын Бәйкен Әшiмов сияқты кемел тұлғалардың ғаламат рөлiн сезiнуге жол ашады. Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен ерлiгi мен табандылығы үшiн «Қызыл Жұлдыз», екi мәрте бiрiншi дәрежелi «Отан соғысы» ордендерiмен, «Ерлiгi үшiн» медалiмен, Польшаны азат еткенi үшiн орденмен марапатталды. Партиялық кеңес жұмысында ол өзiн дана ұйымдастырушы және саясаткер ретiнде ,көрсете бiлдi. Әрине, ол Министрлер кабинетiнiң төрағасы лауазымында Қазақ КСР-iнiң дамуына баға жетпес үлес қосты. Мемлекет басшысы Бәйкен Әшiмовтi «Отан» орденiмен марапаттай отырып, Бәйкен Әшiмұлының өмiрi Ұлы Отанымызға қалтқысыз қызмет етудiң және қажырлылықтың жарқын үлгiсi екендiгiн атап айтқан болатын. Бәйкен Әшiмовтiң есiмi бiздiң жүрегiмiзде мәңгi сақталады. Оның өмiрi өскелең ұрпақ үшiн үлгi болатындығына сенмдiмiн», — дедi Құмар Ақсақалов.

Даңқты жерлесiмiздiң мерейтойына орай Солтүстiк Қазақстан облысында жастардың, зиялы қауым мен этномәдени бiрлестiктер өкiлдернiң қатысуымен бiрқатар шаралар өтетiндiгiн атап айту керек. Соған орай қыркүйек айында облыс орталығында Бәйкен Әшiмiовтiң 100 жылдығына байланысты өңiрлiк жастар форумын өткiзу жоспарланған.

Сол сияқты салтанатты шара барысында Бәкен Әшiмовтiң ұлы, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дiң ректоры Оңдасын Әшiмов сөйледi.

«Бүгiн бiздiң отбасымыз үшiн елеулi оқиға болды, бiздiң әкемiзге Петропавл қаласында ескерткiш орнатылуы мәңгi есiмiзде қалады. Бұған дейiн Алматы қаласында бiр көшеге, Қарағандыда жаңа шағынауданға әкемiздiң есiмi берiлген болатын. Ескерткiштiң ашылуы ерекше оқиға. Облыс пен қала басшылығына осындай қомақты шараны жүзеге асырғаны үшiн зор алғысымды бiлдiремi. Осы жобаны жүзеге асырған мүсiншi Қазбек Сатыбалдыға да айтар алғысым шексiз», — дедi Оңдасын Әшiмов.

Салтанатты рәсiм барысында ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Кәрiбай Мұсырман, ҚР Парламентi Сенатының депутаты Анатолий Башмаков, сол сияқты еңбек ардагерлерi Жақсылық Ысқақов пен Алик Дядин Бәйкен Әшiмов туралы өз естелiктерiмен бөлiстi.

Ескерткiштi құрметтi ашу құқығы өңiр басшысы Құмар Ақсақалов пен М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дiң ректоры Оңдасын Әшiмовке берiлдi.

Салтанатты шараның соңында Петропавл қаласының тұрғындары Бәйкен Әшiмовтiң ескерткiшiне гүл щоқтарын қойды.

Петропавлда Бәйкен Әшiмовке ескерткiш ашылды

Петропавлда Бәйкен Әшiмовке ескерткiш ашылды

Петропавлда Бәйкен Әшiмовке ескерткiш ашылды

Петропавлда Бәйкен Әшiмовке ескерткiш ашылды

Петропавлда Бәйкен Әшiмовке ескерткiш ашылды

Петропавлда Бәйкен Әшiмовке ескерткiш ашылды

Қаралым саны: 3438
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы