A- A A+
Петропавлдықтар грек-рим күресiнiң шеберi Данияр Қаленовты қарсы алды

Мақаланың шыққан күні 03.10.2017

Бүгiн Солтүстiк Қазақстан жұртшылығы тағы бiр чемпионын қарсы алды. Бұл жолы Қызылжарға грек-рим күресiнiң шеберi Данияр Қаленов оралды. Жерлесiмiз Ашхабатта өткен V Азия Ойындары мен халықаралық «Болат Тұрлыханов Кубогы» турнирiнде алтыннан алқа тағынған болатын.

— Сағат таңғы 10 болды. Бұл уақытты бiз Петропавл темiр жол вокзалына келдiк. Қазiр аздаған минуттардан соң Астанадан Азия Ойындарының чемпионы, халықаралық «Болат Тұрлыханов Кубогы» турнирiнiң жеңiмпазы Данияр Қаленов мiнген поезд қаламызға келiп жетедi.

Қызылжарлықтар темiр жол вокзалына тайлы таяқтары қалмай жиылуда. Олардың барлығы елордадан келетiн поезд жаққа әлсiн-әлсiн қарайды. Перронда тұрған жұрт iшiнен Данияр Қаленовтың анасын таптық. Құшағы гүлге толы Айнагүл Жақсылыққызы көк туымызды желбiреткен ұлының жетiстiгiне қуанышты.

Айнагүл Қаленов — Данияр Қаленовтың анасы:

— Өте қуаныштымын. Ұлымның жеткен жетiстiгiне ризамын. Бұл барлық елдiң қуанышы деп бiлемiн.

Көп күттiрмей поезд де келдi. 3-шi нөмiрдi вогоннан палуанымыз Данияр Қаленов шығып келедi.

Шашу шашылды. Грек-рим күресiнiң шеберiн жиналғандардың барлығы кезек-кезек құттықтауда. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин де өзiнiң жылы лебiзiн бiлдiрдi.

Жерлесiмiз Түркiменстан астанасы Ашхабатта өткен жабық кешендегi V Азия Ойындарына қатысқан болатын. Сары құрлықтың 62 мемлекетi бақ сынаған жарыста терiскейдiң тумасы жарады. Ол грек рим палуандары арасынан ел қоржынына жалғыз алтын алқаны салды. Жарыста 66 келi де белдескен спортшымыз 4 кездесу өткiзiптi.

Данияр Қаленов — грек-рим күресiнен V Азия Ойындарының, халықаралық «Болат Тұрлыханов Кубогы» турнирiнiң жеңiмпазы:

— Финалдық сында Иран палуанымен кездестiм. Бiздiң жiгiттердiң барлығы осы елдiң спортшыларына ұтылды. Сол себептi намысты қолдан бермеу үшiн жеңiске жетiп, алтын медальға ие болдым.

Бұған қоса Данияр өткен аптада халықаралық «Болат Тұрлыханов Кубогы» турнирiнде өнер көрсеттi. Кiл мықтылар жиылған додада спортшымыз барлық қарсыласын тiзе бүктiрдi. Тiптi, әлем чемпионы оңтүстiккореялық Рю хан Судың мысын басты. Елiмiздегi азулы палуан Алмат Кебiспавты жеңдi. Осылайша тағы да жоғарғы сападағы медальды мойнына тағынды. Болашақта жерлесiмiз 2020 жылы Токияда жалауын желбiрететiн Олимпияда ойындарында ел намысын қорғауды қалайды.

Ақпарат көзi: http://mtrk.kz/

Қаралым саны: 326
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы