A- A A+
Үкiмет басшысы Шахандағы қайғылы оқиғаның қайталанбауын талап еттi

Мақаланың шыққан күні 05.09.2017

Үкiмет басшысы Шахандағы қайғылы оқиғаның қайталанбауын талап еттi

ҚазАқпарат — Бүгiн Үкiмет отырысында Премьер-Министрi Бақытжан Сағынтаев Қарағанды облысы Шахан кентiндегi қайғылы оқиғаның биылғы жылу беру маусымында қайталанбауын талап еттi, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жылыту маусымының басталуына көп қалған жоқ, әсiресе, солтүстiк өңiрлерде бiр айдан кейiн салқындайды. Сондықтан аталған мәселелердiң барлығын қатаң бақылауда ұстау керек», — деп тоқталды Үкiмет басшысы. Осы орайда ол өткен жылдағы жағдай қайталанбас үшiн Темiртау қаласын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. «Шаханда орын алған ахуал биыл қайталанбайды деп үмiттенемiз», — дедi Сағынтаев.

Қарағанды облысы әкiмiнiң орынбасары Анатолий Шкарупа, 30 дербес жылу жүйесiнiң жылу беру маусымына дейiн тұрғын үйлерден 18-iн шығару жоспарланып отырғандығын айтты. «Бүгiнде олардың 8-i шығарылды, тағы 10-ы жылу беру маусымы басталғанша орнатылады, оның iшiнде бюджеттiк емес қаржы көздерi есебiнен Шахан кентiндегi барлық қазандықтар қамтылады», — дедi Шкарупа.

Оның сөзiне қарағанда, жобалау-сметалық құжаттаманы даярлау қажеттiгiне орай, 12 дербес жылу жүйесiн шығару алдағы жылға жоспарланған.

«Бұлар негiзiнен қауiптiлiгi төмендеу қазандықтар пайдаланылатын тұрғын үйлерге қатысты болып отыр. Төтенше жағдайға жол бермес үшiн бұл салада қазандықтар тексеруден өттi және тұрақты негiзде жұмысшыларды оқыту шаралары атқарылуда», — дедi ол. Естерiңiзге сала кетейiк, Шаханда 1 қаңтарда жертөледе орналасқан жылыту қазандығының жарылуы салдарынан бес қабатты үйдiң бiр бөлiгi қираған болатын. Үйiндiнiң астында қалған 9 адам, оның iшiнде үш бала қаза тапты. Екi адам ауруханаға жеткiзiлдi.

 

Қаралым саны: 1272
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы