A- A A+
Ашхабадта V Азия ойындары аяқталды: Қазақстан — төртiншi орында

Мақаланың шыққан күні 28.09.2017

Ашхабадта V Азия ойындары аяқталды: Қазақстан — төртiншi орында

ҚазАқпарат -Түрiкменстан астанасы Ашхабад қаласында жауынгерлiк өнер түрлерi бойынша жабық ғимаратта өткен V Азия ойындары бүгiн өз мәресiне жеттi, деп хабарлайды ҚазАқпарат тiлшiсi.

Екi аптаға созылған додада қазақстандық спортшылар 28 алтын, 28 күмiс, 40 қола, барлығы 96 медаль еншiлеп, жалпыкомандалық есепте төртiншi орынға тұрақтады. Бас жүлденi жергiлiктi түрiкмен спортшылары қанжығасына байлады. Олар жалпы саны 245 медаль жеңiп алды, оның 89-ы — алтын, 70 — күмiс және 86 — қола. Екiншi орынға Қытай спортшылары орналасты. Олардың еншiсiнде 42 алтын, 32 күмiс, 23 қола, жалпы 97 медаль бар. Үшiншi орынға 36 алтын, 23 күмiс, 59 қола, барлығы 118 медальмен Иран құрамасы жайғасты. Қазiр Ашхабадта V Азия ойындарының ресми жабылу салтанаты өтiп жатыр.

Еске салайық, 62 мемлекет қатысқан байрақты додада ел намысын Қазақстанның 150 спортшысы қорғады. Олар жарыстың 17 түрiнен сынға түстi. Азия ойындары деп аталған спорттық сайыс екi жылда бiр рет Азия Олимпиадалық кеңесiнiң бақылауымен өтетiн. Ең алғашқы ойындар 2005 жылы Бангкокта өтсе, одан кейiн 2007 жылы Қытайдың Макао, 2009 жылы Вьетнамның Ханой, 2013 жылы Оңтүстiк Кореяның Инчхон қалаларында ұйымдастырылды. Жарыстар өткiзiлген соңғы жылы Азия ойындары жауынгерлiк өнер түрлерi бойынша Азия ойындарымен бiрiктiрiлiп, оны 4 жылда бiр рет өткiзу туралы шешiм қабылданды. Биыл Ашхабадта жалауы желбiреген Азия ойындары «Денсаулық. Қайрат. Достық» ұранымен өттi. Азиаданың ресми нышаны ретiнде Вепала есiмдi алабай итi таңдап алынды. Ол түрiкмен тiлiнен аударғанда — «адал», «сенiмдi» деген мағынаны бiлдiредi.

Жарыстар шахмат, теннис, тай боксы, қазақ күресi, самбо, жеңiл атлетика, ауыр атлетика, баскетбол, ат спорты, бильярд, боулинг, спорттық билер, футзал сынды спорттың 21 түрiнен өттi.

Қаралым саны: 911
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Экономикалық сала - 79
35%
Әлеуметтік сала - 55
25%
Денсаулық сақтау - 51
23%
Мәдениет - 19
8%
Білім - 20
9%
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы