A- A A+
Елбасы: Машина жасау саласы — экономикалық дамудағы басым бағыттың бiрi

Мақаланың шыққан күні 21.09.2017

Елбасы: Машина жасау саласы — экономикалық дамудағы басым бағыттың бiрi

ҚазАқпарат — ҚР Үкiмет басшысының бiрiншi орынбасары Асқар Мамин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан машина жасаушылары V форумының қатысушыларына арналған құттықтау хатын оқып бердi, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қуатты әрi өнiмдiлiгi жоғары машина жасау саласын құру — елдiң экономикалық дамуының ең басым бағыттарының бiрi. Мемлекет салаға жан-жақты қолдау көрсетуде, сондай-ақ бұл салаға стратегиялық инвесторларды тарту мен ауқымды инновацияларды енгiзу тұрғысында барлық қажеттi жағдайды жасауда. Бүгiнде Қазақстанда отандық компаниялармен бiрге әлемдiк нарықтың көшбасшылары да өздерiнiң қызметiн табысты түрде дамытуда»,-деп атап өтiлген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Президент өңдеу өнеркәсiбiнiң жалпы көлемiнде машина жасау үлесi 10 пайызға жуық деңгейде екенiн атап өттi. Индустрияландыру картасы аясында жүзден астам жоба iске қосылып, елiмiзде бұрындары өндiрiлмеген бiрегей жоғары технологиялық жаңа өнiмдер пайда болды. «Машина жасау саласын кешендi жаңғырту мен оның халықаралық деңгейде жүйелi түрде алға жылжуы Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабiлеттiгiн арттыруға әрi елiмiздiң әлемнiң озық 30 мемлекетiнiң қатарына қосылуға ықпал ететiнiне сенiмдiмiн»,-делiнген Елбасы құттықтауында. Айта кетейiк, Астанадағы форумға әлемнiң 16 елiнен 800-ге тарта делегат қатысуда. Дәстүрлi түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл шара осымен бесiншi рет өткiзiлiп жатыр.

 

Қаралым саны: 1827
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Экономикалық сала - 79
35%
Әлеуметтік сала - 55
25%
Денсаулық сақтау - 51
23%
Мәдениет - 19
8%
Білім - 20
9%
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы