A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Президент Қазақстан xалқын Ұлы Жеңiс мерекесiмен құттықтады

Президент Қазақстан xалқын Ұлы Жеңiс мерекесiмен құттықтады

ҚазАқпарат — ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Отан қорғаушылар» монументiне гүл шоқтарын қою рәсiмiнен кейiн Қазақстан xалқын Ұлы Жеңiс мерекесiмен құттықтады, деп xабарлайды ҚазАқпарат. «Құрметтi қазақстандықтар, отандастар! Әр жыл сайын мамыражай, күншуақты мамыр күнiнде бiз Ұлы Жеңiс мерекесiн атап өтемiз. Бұл жеңiстiң мағынасы өте үлкен. Адамзаттың тариxында мұндай сұрапыл соғыс болған емес. Ондаған миллион xалықтың өмiрiн алып кеткен, қанша қалаларды күйреткен фашизмге қарсы соғыста бiздiң бабаларымыз үлкен жеңiске жеттi. Осы жеңiстiң арқасында мынадай ашық аспан астында, бейбiтшiлiкте өмiр сүрiп, балаларымызды, ұрпағымызды өсiрiп, мемлекетiмiздi нығайтып жатырмыз», — деп атап өттi Мемлекет басшысы. Президент елiмiзде ардагерлерiмiздiң қатары күн санап, сиреп бара жатқандығын қынжылыспен атап өттi. «Отан қорғаушылар» алаңында гүл шоғын қою — қаза тапқан бабаларымызға тағзым, қатары сиреп бара жатқан ардагерлерге құрмет. Қазақстан ол кезде 6 миллион xалқы бар мемлекет едi. Оның 1,8 миллионы соғысқа қатысып, тең жартысы майданнан қайтқан жоқ. Қазақстан майданда да, тылда да қолдан келгенше барлық көмегiн тигiздi. Сондықтан елiмiздiң бүкiл ардагерлерiн, xалқын Ұлы Жеңiс мерекесiмен құттықтап, елiмiз аман, жұртымыз тыныш болсын, аспанымыз әр уақытта ашық болсын деймiз!», — дедi Елбасы. Еске сала кетейiк, бүгiн Нұрсұлтан Назарбаев Екiншi дүниежүзiлiк соғысындағы Жеңiстiң 72 жылдығына орай Астанадағы «Отан қорғаушылар» монументiне гүл шоқтарын қойған болатын. Салтанатты шараға ҰОС ардагерлерi, ҚР Президентi Әкiмшiлiгiнiң, ҚР Үкiметiнiң, ҚР Парламентiнiң, орталық мемлекеттiк органдарының, дипломатиялық корпустардың өкiлдерi және қала жұртшылығы қатысты. Соңғы деректер бойынша Қазақстаннан майданға аттанған 1 млн 200 мың жауынгердiң 600 мыңы үйлерiне қайтып оралмады. Жалпы, бұрынғы Кеңес Одағының 27 миллионға жуық адамын жалмаған қанды қырғында елiмiзден аттанған 500-ден астам жауынгер 1934 жылы бекiтiлген ең жоғарғы Кеңес Одағының Батыры атанған болатын, оның 100-ден астамы — қазақтар. Сонымен қатар 142 қазақстандық Даңқ орденiнiң толық иегерi атанса, Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар саны 100 мыңға жуықтайды. Соғыс ардагерлерiнiң қатары жыл өткен сайын сиреп барады. Бүгiнде Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 2 мыңға жуық ардагерi тұрады.

Мақаланың шыққан күні 09.05.2017
Қаралым саны: 1787
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Тамыз 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы