A- A A+
Баспасөз хабарламасы

Мақаланың шыққан күні 26.02.2018

Баспасөз хабарламасы

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы 2017 жылды қорытындылап, жаңа жобаларды ұсынды.

2018 жылдың 26 ақпаны күнi Қазмедиа орталығының 5-шi студиясында «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин  Ұлттық арнаның көктемгi телевизиялық маусымымен таныстырып, жаңа жобалары жайлы айтып, 2017 жылдың негiзгi жетiстiктерiн атап өттi.

Қазақтың төл өнерiн дәрiптейтiн «Мен қазақпын» халықаралық музыкалық жобасы мен 8 мемлекетте тiкелей трансляция арқылы көрсетiлген «SilkWayStar» мегажобасы көрермендер арасында жоғары бағаланып, өткен маусымның басты жаңалығы болды.

Сондай-ақ, 2017 жылы «Парасат майданы», «1студия», «Басты тақырып», «Мәселе», «Елден хабар» және т.б. қоғамдық-саяси және ақпараттық-сараптамалық жобалардың саны артып, көрерменге жол тартты.  

Сонымен қатар, Ұлттық арна мемлекеттiк маңызы жоғары түсiрiлiмдер мен тiкелей трансляцияларды жүзеге асырды. Атап айтсақ, 2017 жылғы Қысқы Универсиада, Әскери шеру, халықаралық мамандандырылған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесiнiң ашылу мен жабылу салтанаты, ҚР президентiнiң қатысуымен өткен «Индустрияландыру күнiне» арналған елiмiздiң 26 нысанын қамтыған телекөпiр өткiзiлдi.

«Өткен жылы контенттi жаңарту барысында әлеуметтiк жобалардың саны артты, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалардың форматы өзгердi. Ең бастысы, өзiмiздiң iшкi телеөнiмнiң үлесi 80%-ға өстi, яғни бұл сырттан сатып алынбаған контент. Бiз әрi қарай да контенттi жаңарту жұмыстарын жалғастырып, сапалы туындылардың санын арттыруға атсалысамыз», дедi Ерлан Қарин.

Ұлттық телеарнада жаңа телевизиялық маусым дәстүр бойынша, наурыз айының басынан басталмақ. «Qazaqstan» телеарнасынан бiрнеше жаңа жобалар мен телехикаялар көрерменге жол тартады. Бұрыннан келе жатқан танымал жобалардың жүргiзушiлерi ауысып, ендi «Түнгi студияны» актер әрi сықақшы Қайрат Әдiлгерей жүргiзсе, «Сенбiлiк шоудың» тiзгiнiн Тұрсынбек Қабатов ұстайды. Сондай-ақ, жаңа маусым аясында ақпан айында эфирге шыққан «Бақытты әйел» ток-шоуы әйелдер арасында үлкен сұранысқа ие. Бұл бағдарламада кейiпкерлер өзiнiң басынан өткен қызықты оқиғалары мен бақытты болудың қыр-сырларымен бөлiседi. Алдағы уақытта елiмiздiң тарихынан сыр шертетiн «Алаш ақиқаты» бағдарламасы мен «Бала көңiлi» атты балалар тәрбиесiн қозғайтын гуманитарлық-ағартушылық жоба шығатын болады.

«Көктемгi маусымның басты тұсаукесерi «Жүрсiннiң жүйрiктерi» атты ақындар сайысы болмақ. Айтыста 20 шақты ақын айтысып, өз өнерлерiн ортаға салады. Бұл жоба бiрнеше ай бойы жүредi, ұлттық нақышты сақтай отырып, жаңа форматта ұсынатын боламыз» — дедi Ерлан Карин.

«Жүрсiннiң жүйрiктерi» бағдарламасының қазылар алқасында белгiлi өнер қайраткерлерi: қазақ киносының майталманы, ҚР халық әртiсi Асанәлi Әшiмов, әншi әрi  композитор, ҚР халық әртiсi Алтынбек Қоразбаев, профессор, ғылым докторы Намазалы Омашев пен ҚР халық ақыны Асия Беркенова. Ал, жобаның басты қонағы ҚР еңбек сiңiрген қайраткерi, ақын және журналист Жүрсiн Ерман сайыс арасында пiкiрiн айтып отыратын болады.

Сонымен қатар, Ұлттық арна жас аудиторияны арттыру мақсатында, қызықты әрi ерекше «Q-pop Idols» атты жобаның тұсауын кеспек. Бұл жобаның жетекшiсi белгiлi музыкант, продюсер Ерболат Беделхан.

Жаңа маусым аясында бiрқатар жаңа отандық телехикаялар ұсынылатын болады. 26 наурыздаа Алаш зиялыларының 20-шы ғасырдың басында Тәуелсiздiк жолындағы тағдырын баяндайтын «Тар заман» телехикаясы эфирге шығады. Атап айтқанда,  көрермендер «Туған  жер», «Сүйе бiлсең-2», «Жараланған жүректер», «Iңкәр жүрек-3» және т.б. телехикаяларды тамашалайтын болады.

Белгiлi болғандай, биыл Қазақ телевизиясы 60-жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы айтулы  мереке қарсаңында «Qazaqstan» телеарнасы бiрнеше iс шараларды өткiзiп келедi.

«Ұлттық арнада әр жылдары көптеген танымал тұлғалар, зиялы қауым өкiлдерi еңбек етiп, Қазақ телевизиясының дамуына үлкен үлесiн қосты. Олардың атқарған орасан еңбектерiн ұмытпау — бiздiң парызымыз. Ақпанның басынан бастап, әр жексенбi сайын Ұлттық арнаның «Алтын қорында» сақталған, кезiнде көрерменнiң көңiлiнен шыққан бұрынғы бағдарламаларды эфирге шығаруды ұйғардық. Сондай-ақ, Ұлттық арнаның «Таңшолпан», «Дара жол», «Келбет» және басқа да бағдарламаларында отандық телевизия ардагерлерiнiң қатысуымен арнайы шығарылымдар жарық көредi. Мұнымен қоса, көрермендерге тосын сый ретiнде, бұрынғы тележурналистер мен дикторлар жүргiзушi боп эфирге шығатын болады», деп аяқтады сөзiн Басқарма төрағасы Ерлан Қарин.

Қаралым саны: 1192
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қыркүйек 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Астана — Ұлы дала елордасы«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2018 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы