A- A A+
«Рухани жаңғыру» жобалау кеңсесi белгiлi солтүстiкқазақстандықтарды қайырымдылыққа тартады

Мақаланың шыққан күні 10.10.2017

«Рухани жаңғыру» жобалау кеңсесi белгiлi солтүстiкқазақстандықтарды қайырымдылыққа тартады

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов «Рухани жаңғыру» жобалау кеңсесiнiң жұмысымен танысты. Кеңсе Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан Мемлекеттiк университетiнде орналасқан. Ауқымды жобаға 10 адам тартылған. Жобаның басты мақсаты Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы басты бағыттарды iске асыру. Құмар Ақсақалов ұлттық құндылықтарды жандандыру Елбасы мақаласының өзегi екенiн атап өттi.

Қазiргi таңда аймақтық мәдениет мен тарихтың рөлiн түсiнуде жаңа көзқарастың керек екенi анық. Бiздiң мемлекет жаңа әлеуметтiк-мәдени ортаны қалыптастыра отыра, елге деген сүйiспеншiлiктi алдыңғы қатарға қою қажет. Туған жерге деген махаббатты сiңiру де аса маңызды iс.

«Рухани жаңғыру» жобалау кеңсесiнiң жетекшiсi, тарих ғылымдарының докторы Ақмарал Ыбыраеваның айтуынша, жобалау кеңсесi төрт бағыт бойынша жұмыс жасайды: «Атамекен», «Ақпарат толқыны», «Тәрбие және бiлiм» және «Рухани қазына». Бұл салалар бойынша ақпараттық-насихат жұмыстары жүргiзiлуде. Өңiрде 5 дөңгелек үстел, 4 конференция, бiр форум, 5 көрме, 11 зерттеу экспедициясы, сондай-ақ флешмобтар мен ауқымды акциялар өткiзiлдi. Кеңсенiң қызметкерлерi әлеуметтiк желiлерде де белсендi ақпараттық науқан жүргiзiп жатыр.

«Рухани қазына» бойынша 23 жоба жүзеге асырылуда. Оның iшiнде «Туған жер», «Қазақстанның киелi жерлерi» және «Қасиеттi Қазақстан» сынды ауқымды жобалар бар. «Рухани қазынаның» басты мақсаты тұрғындар арасында жергiлiктi тарих, салт-дәстүр және мәдениетке деген қызығушылықты ояту. «Тәрбие және бiлiм» бойынша «Өлкетану», «Отаным — тағдырым» және «Саналы Азамат» жобалары жүзеге асады. «Ақпарат толқыны» бойынша жобалар саны тоғызға жеттi. «Атамекен» жобасы азаматтарды, үкiметтiк емес ұйымдарды, ерiктiлер, меценаттар, кәсiпкерлер мен мемлекеттiк органдарды жергiлiктi халықтың мәселелерiн шешуге шақыру және соны ұйымдастыру. Өңiр басшысы «Атамекен» жобасына ерекше мән берiп, оның аясында белгiлi жерлестердi меценат ретiнде тарту керектiгiн баса айтты.

«Рухани жаңғыру» жобалау кеңсесi белгiлi солтүстiкқазақстандықтарды қайырымдылыққа тартады

Қаралым саны: 905
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы