A- A A+
«Ринг патшасы-2019» ашық облыстық турнирi өз мәресiне жеттi

Мақаланың шыққан күні 30.08.2019

Естерiңiзге сала кетейiк. Осыдан бiрер күн бұрын бокстан «Ринг патшасы-2019» ашық облыстық турнирi басталған болатын. Оған ел аумағынан бөлек Ресейден де спортшылар ат терлетiп келген. 4 күнге созылған дүбiрлi дода бүгiн өз мәресiне жеттi. 30-дан астам былғары қолғап шеберiн тоғыстырған сайыста кiм мықты атанды.

Бүгiн ақтық сын. Спортшылар жеңiске жету үшiн барларын салуда. Боксшылар 6 салмақ дәрежесi бойынша 1-шi, 2-шi және 3-шi орынға күш сынасып жатыр. Күрзi жұдырық иелерiнiң арасында Азия ойындарының чемпиондары, Әлем кубогiнiң жүлдегерлерi, әскери қызметшiлер арасындағы жаһандық додада атой салған спортшылар мен жаттықтырушылар да бар.

Жанат Жақиянов — К.Сафин атындағы облыстық бокс мектебiнiң директоры:

– «Ринг патшасы-2019» турнирi жыл сайын өтедi. Биыл мiне 3-шi жыл қатарынан өткiзiлiп жатыр. Онда елдiң бүгiл аймағынан келген спортшылар бәсекелесiп жатыр. Қатысушылардың саны да былтырғыға қарағанда көп.

Шаршы алаңда Нұр-Сұлтан қаласынан келген Рақымжанов Мейiржан мен атыраулық Адик Бермешов жұдырық түйiстiруде. Спортшылар жақсы дайындалып келген. Екеуi де бiр-бiрiне дес бермеуде. Төрешiлердiң шешiмi бойынша бұл жолғы сайыста 63 жастағы Адик Бермешов жеңiске жеттi. Оған 27 жас кiшi қарсыласы өзiнiң iнiлiк жолын бердi.

Мейiржан Рақымжанов — жарысқа қатысушы, Нұр-Сұлтан қаласы:

– Үлкендi сыйлаған халықпыз ғой. Мен ол кiсiге қарағанда әлдеқайда жаспын. Алар асуым әлi алда. Келесi жылы осында қайта келiп өнер көрсетемiн.

Жалпы, жарыста боксшылар 6 салмақ дәрежесi бойынша жұдырық түйiстiрдi. Турнирдiң жүлдесi ретiнде 1-шi орынға — 150 мың, екiншi орынға — 100 мың және 3 орын алғандарға 50 мың теңге көлемiнде ақшалай сыйлық берiлдi. Сондай-ақ, топ жарғандарға «Ринг патшасы-2019» белдiгi табысталды.

Бердiмұрат Баймұқан

Ақпарат көзі: mtrk.kz

Қаралым саны: 251
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қыркүйек 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Қазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы