A- A A+
С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры 19 театр маусымын ашты

Мақаланың шыққан күні 05.10.2017

Классикалық музыка, шағын тақырыптық көрме — мұнда өнер сүйер қауымның күнделiктi тiрлiктен дем алуы үшiн барлық жағдай жасалған.

Ал 19 театр маусымын С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры «Дауылпаз баба Қожаберген» дастанымен ашуды шешкен. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай тұсауы кесiлген қойылым екi жыл iшiнде өз көрермендерiн тауып үлгерген.

Қожаберген жыраудың «Елiм-ай» эпосына негiзделген спектакль «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезеңiнен сыр шертедi. Жан-жақтан жау қаптап тұрған қиын-қыстау заманда бытырап кеткен қазақтардың басын бiрiктiрген дауылпаз баба рөлi актер Нұрбол Асқаровқа тиiптi. Спектаклде қазақи қойылымдарға тән шапандар, кимешектер, сауыт-саймандар мен найза-қылыштар жоқ. Көрерменнiң көзi үйренген декорациясыз ұлы Қожабергеннiң болмысын жеткiзу оңай болмады дейдi ол.

Нұрбол Асқаров — С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының актерi:

— Әр ойнаған сайын қазақтың жерi, даласы, қасiретi үшiн жүрегiм ауырады.Бұл жаңа форматтағы рөл. Сақал-мұрт жабыстырудың қажетi жоқ.

Биылғы маусымда театрға елордалық қазақ ұлттық өнер университетiнiң 4 түлегi келген. Оларға да бұл күрделi қойылымнан рөл тиiптi. Кәсiби сахнадағы дебют болғандықтан қатты қобалжыдық дейдi жас актерлер.

Гүлмира Әлет, Рахат Төрежан — С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының жас актерлерi:

— Бұл бiздiң театр сахнасындағы алғашқы спектаклiмiз. Толқыныс, қобалжу болды. Көрермен бағасын бере жатар.

Залдан шығып жатқан көрермендердiң жүздерiнде күлкi, жүректерiнде от. Көздерiне жас алғандар да болды. Қойылым керемет әсер қалдырды дейдi олар.

Биылғы маусым терiскейлiктерге тұсаукесерлер легiн сыйламақ. Театр ұжымы шетелдiк драматургтардың шығармаларын сахналауға көңiл бөлiп отыр.

Батырбек Шамбетов — С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының бас режиссерi:

— «Гәргәрбектiң гөйгөйi», «Пайдалы орын» комедияларын, «Венециялық егiздер», «Қарагөз» драмаларын сахналамақпыз.

7-шi қазан театр ұжымы «Қарттарым аман бармысың» поэтикалық кеш өткiзедi.

Ақпарат көзi: http://mtrk.kz/

Қаралым саны: 203
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы