A- A A+
СҚО Iшкi iстер органдары ардагерлерiнiң I-слетi өттi

Мақаланың шыққан күні 22.09.2017

СҚО Iшкi iстер органдары ардагерлерiнiң I-слетi өттiОблысымызда iшкi iстер органдары ардагерлерiнiң слетi алғаш рет өтуде. Шара аясында сала қызметкерлерi мен құрметтi зейнеткерлерi «Мәңгiлiк алау» мемориалдық кешенiнiң маңына жиналып, майдан даласынан оралмаған жауынгерлердiң ескерткiшiне гүл шоқтарын қойды.

Iшкi iстер органдары ардагерлерiнiң слетi аясында аудандардағы бастауыш ұйымдардың жұмысынан аз-кем ақпарат берiлдi. Көрменi ҚР IIМ Iшкi iстер және Ұлттық ұлан органдары ардагерлерi кеңесiнiң төрағасы Өмiрзақ Болсамбеков тамашалап, солтүстiкқазақстандықтарға жақсы бағасын бердi.

Өмiрзақ Болсамбеков — ҚР IIМ Iшкi iстер және Ұлттық ұлан органдары ардагерлерi кеңесiнiң төрағасы:

— Мерекенiң алдында бастауыш ардагерлер ұйымдарының iстеген жұмыстарына баға берiп, үздiктерiн марапаттаймыз. Слетке келе алмаған ҰОС ардагерлерiнiң үйiне барып мерекемен құттықтадық. Мен өзiм кеше келiп ҰОС ардагерлерiнiң үйiне кiрiп шықтым. Бiреуi 100 жасқа толыпты.

Қазiргi таңда IIО-дарында 1 800-ден астам ардагер тiркелген. 6-уы қарт майдангерлер, 28 — тыл еңбеккерi. Слет Халықаралық қарттар күнi қарсаңында өткiзiлуде. Жиналғандарды меркемен аймақ басшысы құттықтады.

Құмар Ақсақалов — Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi:

— Халқымыз қарты бар ел-қазыналы ел деп аға буынға ерекше көңiл аударған. Олардың жүрiп өткен жолы, тәржiрибесi өсiп келе жатқан жастарға әрқашан үлгi.

Жиын барысында ұзақ жылдар бойы құқықтық тәртiптi нығайтуға зор үлес қосқандардың бiрқатары облыс әкiмiнiң Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен мараптталды.

Өзге жерлестерiмiзге Iшкi iстер және Ұлттық ұлан органдары ардагерлерi кеңесiнiң Құрмет грамотасы табысталды.

Серғали Жұмағұлов — Петропавл қалалық IIБ бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы:

— Қалалық IIБ жанындағы ұйымда 302 зейнеткер тiркелген. 4-еуi ҰОС ардагерi. Бiз қарт майдангерлердiң үйiне жиi барып, олардың жағдайын бiлiп тұрамыз. Материалдық көмек берiледi. Зейнеткерлерге әлеуметтiк қызметкерлер, дәрiгерлер қарайды.

Жерлестерiмiздi халықаралық қарттар күнi мерекесiмен Қазақ КСРнiң Халық әртiсi Лаки Кесоглу құттықтап, әннен шашу шашты.

http://mtrk.kz/kz/aptadagy-manyzdy-janalyk/22171-slyot-veteranov-organov-vnutrennix-del-proshel-v-petropavlovske.html

Қаралым саны: 332
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы