A- A A+
СҚО әкiмi қалалық емханаға ескертусiз барған

Мақаланың шыққан күні 03.03.2018

СҚО әкiмi қалалық емханаға ескертусiз барған

Бұл жөнiнде өңiр басшысы Құмар Ақсақалов ҚР Денсаулық сақтау министрi Елжан Бiртановтың СҚО-на жұмыс сапары кезiнде айтты. Өңiрдiң медицина қызметкерлерiнiң қатысуымен өткен кездесуде Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiлер арқылы медициналық нысандардың жұмысына көп сын айтылатынын жеткiздi. Қалалықтар емханалардағы ұзын-сонар кезекке наразы. Бұған №1 емханаға ескертусiз барған облыс әкiмi көз жеткiздi.

«Бiз әлеуметтiк желiлердi бақылап отырамыз. Менiң атыма денсаулық сақтау жүйесi бойынша көптеген сұрақтар келедi. Басты мәселелердiң бiрi — емханалардағы ұзын кезектер. Өткенде мен ешкiмге айтпай емханаға бардым. Онда ұзын-сонар кезектер, адамдар сағаттап тосып отырады. Бас дәрiгер өз кабинетiнде отыр. Бұндай жағдайлар болмас үшiн жұмысты жүйелi жүргiзу керек. Қазiр ақпараттық технологиялар бұған мүмкiндiк бередi. Мен жағдаймен танысу үшiн осылай күтпеген кезде қонаққа келiп тұратын боламын», — дедi Құмар Ақсақалов.

Өңiр басшысы дәрiгерлердiң жұмысына баға беру үшiн электрондық бағалау жүйесiнiң енгiзiлетiндiгiн мәлiмдедi. Осылайша, тұрғындар қызмет көрсету сапасына баға қоя алады.

Облыста тар шеңберлi мамандар тапшы.

«Бiзде тар мамандар жетiспейдi. Қалада балалар кардиологы жоқ. Облыста бiр ғана балалар гематологы жұмыс iстейдi. Петропавлда аллерголог жоқ. Баспана мәселесiн шешiп, осы мамандарды тартамыз», — дедi облыс әкiмi.

Әлеуметтiк желiлерде емханалардың жетiспеушiлiгi туралы да айтылып жүр. Құмар Ақсақалов Петропавлда көп салалы аурухана бой көтередi дедi.

Бұл мәселелер тұрғындарды Ресейге барып емделуге итермелейдi. Өңiр басшысы адамдар өзiмiзде емделу керек, ол үшiн бар жағдайды жасаймыз деп атап өттi.

Елжан Бiртанов СҚМУ-да медициналық факультеттiң ашылуы мамандардың жетiспеушiлiгiн азайтуға көп септеседi дедi. Министрдiң айтуынша, министрлiк биылдың өзiнде жергiлiктi университетке мамандарды дайындауға мемлекеттiк тапсырыс беруге дайын.

Облыстық ауруханада министрге «АнтиИнсульт» мобилдi WEB-қосымшасының жұмысы таныстырылды. Елжан Бiртанов онкологиялық диспансерде «Oncoscreen» мобилдi қосымшасының артықшылықтарын көрдi. Терапия мен жан-сақтау бөлiмшелерiн жалғайтын өткелдiң де құрылысымен танысты.

Министр облыстық жедел қызмет көрсету орталығы және Қызылжар аудандық ауруханасына да барды.

СҚО әкiмi қалалық емханаға ескертусiз барғанСҚО әкiмi қалалық емханаға ескертусiз барғанСҚО әкiмi қалалық емханаға ескертусiз барғанСҚО әкiмi қалалық емханаға ескертусiз барғанСҚО әкiмi қалалық емханаға ескертусiз барған

Қаралым саны: 1503
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Маусым 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Астана — Ұлы дала елордасыДорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2018 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы