A- A A+
СҚО-да IT орталық балалар туризмiн дамытуға септеседi

Мақаланың шыққан күні 02.03.2018

СҚО-да IT орталық балалар туризмiн дамытуға септеседi

Бүгiн ҚР Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен СҚО-да болды. Алдымен бiрiншi вице-премьер Петропавл әуежайына бас сұқты.

Бұдан соң Асқар Маминге облыста 2018 жылы жол жөндеу бойынша атқарылатын жұмыстар туралы баяндалды.

Премьер-Министрдiң бiрiншi орынбасары жаңадан салынып жатқан «Жас Өркен» ықшам ауданындағы оқушылар сарайының құрылыс барысымен танысты. Асқар Маминге «Жас Өркен» ықшам ауданының құрылыс жоспары да таныстырылды. Тек бұл шағын ауданда 2700 пәтердi қолданысқа беру көзделген, мектеп бой көтередi. Қазiрдiң өзiнде спорт сарайы және теннис орталығының құрылысы аяқталды.

Жиналыста Қазақстан және Ресей өңiраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысы талқыға түстi. Асқар Мамин форумның жоғары деңгейде өтетiндiгiне сенiмiн жеткiздi. Форумный тақырыбы — «Қазақстан мен Ресейдiң туризмiн дамытудың жаңа жолдары мен үрдiстерi». Асқар Мамин туризм тақырыбының таңдалуы кездейсоқ емес дейдi.

«Бiз туризм саласын дамытуға көп көңiл бөлемiз. Бұл саланың потенциалы жоғары. Петропавл кездейсоқ таңдалынып алынған жоқ. Сiздердiң өңiрлерiңiз туризм саласында үлкен мүмкiндiктерге ие. Туристер туралы айтатын болсақ, бiздiң назарымыз Ресей нарығына да ауып отыр. Форум өңiрдiң және жалпы Қазақстанның туризмдегi бар потенциалын көрсетуге үлкен мүмкiндiк берiп отыр», — дедi Асқар Мамин.

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов өңiрдегi туризмнiң дамуына да кеңiнен тоқталып өттi. Өңiр басшысы оқушылар сарайын IT-технологиялармен жарақтандыру туралы баяндады. IT орталықта танымдық және ойын-сауық қызметтерiнiң түр-түрi көрсетiледi. Бұл киностудия, кибер қауiпсiздiк және виртуалды шындық кабинетi, бағдарлау зертханасы, кинотеатр және тағы басқалары. IT орталық өңiрде балалар туризмiн дамытуға өз септiгiн тигiзбек.

«Туризм тақырыбы өңiрге және елiмiздiң туризм саласына үлкен серпiн бермек. Қазiр салынып жатқан Оқушылар сарайына Қазақстан мен Ресейдiң көршiлес өңiрлерiнен балалар келу керек. Орталық соңғы IT технологиялармен жарақтандырылмақ. Балаларға арналған ойын-сауық түрлерi көп болады», — дедi Құмар Ақсақалов.

СҚО-да туризм саласында бiрнеше жоба жүзеге асырылмақ. Имантау-Шалқар курорт аймағында демалыс орындары және автокаранинг салынады. Тағы бiр жоба Қызылжар ауданында жүзеге аспақ. Петропавлда «Dostyk Mall» сауда-ойын-сауық кешенi ашылады.

Бiрiншi вице-премьер облыс орталығындағы бiрқатар өнеркәсiп кешендерiн аралады. Асқар Мамин ЗИКСТО, ПАМЖ және Киров атындағы зауыттардың даму перспективасымен танысты.

СҚО-да IT орталық балалар туризмiн дамытуға септеседiСҚО-да IT орталық балалар туризмiн дамытуға септеседiСҚО-да IT орталық балалар туризмiн дамытуға септеседi

Қаралым саны: 2039
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Астана — Ұлы дала елордасы«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2018 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы