A- A A+
СҚО-ның Саумалкөл ауылында өткен ғасырдан берi қаңыраған үйлер қалыпқа келтiрiледi

СҚО-ның Саумалкөл ауылында өткен ғасырдан берi қаңыраған үйлер қалыпқа келтiрiледi

Солтүстiк Қазақстан облысының Саумалкөл ауылында 30 жылға жуық уақыт қаңырап, бос тұрған көп қабатты тұрғын үйлер қалпына келтiрiледi. Ескi ғимараттар жөнделiп, күйi кеткен ауылдан көшiп келген отбасыларға, жетiмдер мен жас мамандарға үлестiрiледi. Жергiлiктi билiк көмегiмен түтiнi түзу шыққан үйдiң iшi де, оған кiрген жанның жүзi де жылы болмақ. Саумалкөл ауылындағы шағын аудан уран кенiшi жұмысшыларына салынған. Сонау 90 жылдары көпқабатты тұрғын үйлер жарық, жылудан ажыратылып, тұрғындары тұрақтарын тастап кеткен. Ендi олар қайта қалпына келтiрiлiп жатыр. Айдын Қазжанов, Айыртау ауданы әкiмiнiң орынбасары: — Соңғы 5 жылда 3 көп қабатты тұрғын үй қалпына келтiрiлдi. 180 отбасы қоныс тойын тойлады. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 1 млрд. теңгедей қаржы қарастырылды. Биыл тағы бiр 80 пәтерлi үй жөнделiп жатыр. Шағын ауданда 15 көп қабатты тұрғын үй есiк-терезесiз. Иелерi болса да, қараусыз қалған. Бос баспаналарды қаңғыбастар паналап, жастар жүредi. Сондықтан жергiлiктi билiк өкiлдерi тұрғындарды сотқа берiп, меншiктерiн мемлекетке қайтармақ. Ақан Сексенбаев, Айыртау ауданы әкiмдiгiнiң заңгерi: — Ал қалған иесiз үйлермен сот арқылы тағы да жұмысымыз жалғастырып жатырмыз. Сотқа арыз жазамыз. Сот арқылы егер коммуналдық меншiкке қабылданса, әрi қарай оны жөндеу жұмыстары жүргiзiледi. Кейбiр тұрғындар 30 жыл тұрмайтын пәтерлерiнен бас тартып отыр. Олар бұл баспаналарды «мәскеулiк үйлер» деп атайды. Сол жылдары шағын аудандағы мектеп, балабақша, аурухананы да ресейлiктер тұрғызған. Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тiлшi: — Мөлтек аудандағы мына бiр мектеп те мәскеулiк құрылысшылардың жобасы бойынша салынған. Бұл 80-90-ыншы жылдар үшiн теңдессiз ғимарат болып саналады. Бiлiм ошағы әлi күнге дейiн жұмыс iстеп тұр. Шағын ауданға су тартылған. Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жылу желiсi жаңартылып жатыр. Жалпы Саумалкөл ауылында 1100 адам пәтер кезегiнде тұр. Бос үйлер жөнделсе, олардың барлығы баспаналы болар едi.

Мақаланың шыққан күні 13.09.2017
Қаралым саны: 82
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қыркүйек 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есім
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы