A- A A+
Мырзахметов Маңғыстаудағы ауыл шаруашылық нысандарын аралады

Мақаланың шыққан күні 27.07.2017

Мырзахметов Маңғыстаудағы ауыл шаруашылық нысандарын аралады

ҚазАқпарат — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — Ауыл шаруашылығы министрi Асқар Мырзахметов алғаш рет кеңейтiлген көлемде бiр топ делегация мүшелерiн бастап, Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келдi, деп хабарлайды облыс әкiмiнiң баспасөз қызметi.

Iссапар аясында Асқар Мырзахметов аймақтың бiрқатар ауыл шаруашылық нысандарын аралап, мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу мәселелерiн талқылады. Жұмыс сапары алдымен Түпқараған ауданындағы жасанды жолмен балық өсiретiн бекiре фермасынан басталды. Аталған ферма 2014 жылы «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы аясында iске асырылған. Ферма қуаты жылына 60 тонна. «ҚазОсетр» ЖШС жылына 60 тонна бекiре балық етi, 1 тонна уылдырық және 100 мың дана бекiре тұқымдас балықпен халықты қамтамасыз етедi Министр облыстық әкiмдiкте шаруалармен жиналыста болып, төрағалық еттi. Жиынға орталық мемлекеттiк органдарының өкiлдерi, қаржылық қолдау институттары басшылары, Маңғыстау және Атырау облыстарының жергiлiктi атқарушы орган өкiлдерi, «Атамекен» ҰҚП, бизнес-қауымдастық өкiлдерi қатысты. Жиын барысында аймақ басшысы Ералы Лұқпанұлы Елбасы тапсырмаларының жүзеге асырылып жатқандығын, өңiрдегi ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу саласының жай күйi туралы айтты.

«Қазiргi таңда өңiрде ауыл шаруашылығы кешенi саласында 8 қайта өңдеу кәсiпорны жұмыс жасайды. Бiздiң өңiрiмiзде негiзiнен ет, сүт, жұмыртқа, көкөнiс және бақшалық, балық, ұн өндiрiледi. Облыс халқы 1 сұрыпты ұнмен толық қамтылып отыр. 2016 жылы — 5 және 2017 жылы — 6 ауыл шаруашылығы кооперативтерi құрылды» — деп, 2017-2018 жылдарға қайта өңдеу саласында жүзеге асырылатын iрi жобаларды таныстырды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң өкiлдерi сала бойынша баяндама жасап, сұрақ-жауап форматында шаруалардың барлық көкейкестi сауалдарына жауап бердi. Отырыста Асқар Исабекұлы шаруашылықты дамытудың жаңа бағдарламасының басты басымдығы — ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту екендiгiн атап өттi.

Сондай-ақ, саланы қосымша қаржыландыру бойынша қабылданатын шаралар, субсидиялау жүйесiн жетiлдiру бойынша шаралар және агроөнеркәсiптiк кешенге инвестициялық тартымдылықты арттыру туралы мәлiмдедi. Өз сөзiнде министр Ералы Лұқпанұлына алғысын бiлдiрiп, облысымыз тек мұнай саласында ғана емес, ауыл шаруашылық саласында да қарқынды дамып келе жатқандығын айтты.

Жұмыс тобы одан әрi Ақтау теңiз солтүстiк терминалы мен Ақтау теңiз портындағы Каспий теңiзiнiң шығыс жағалауында орналасқан «Ақ Бидай-Терминалы» акционерлiк қоғамының астық терминалына ат басын бұрып, жұмыс барысымен танысты. Ақтау теңiз солтүстiк терминалы экспорт-импорт өсiмiн арттыруға және Қазақстан мен Орталық Азия елдерi өнiмдерiн Ақтау порты арқылы Кавказ маңы, Парсы шығанағы елдерiне және Ресей Федерациясына жеткiзуге бағытталған. Терминалда 5 000 — контейнер мен 170 000 тоннаға дейiн негiзгi жүктi сақтауға болады. Айлақ жылына 3 млн тонна құрғақ жүк тиеп, тасымалдап отыр. «Ақ Бидай-Терминалы» АҚ жобалық қуаттылығы жылына 600 мың тонна бидайды, Ақтау теңiз солтүстiк терминалы ЖШС-ның жылдық қуаттылығы 1,5 млн тонна астық пен 1,5 млн тонна жүктi құрайды. Өңiрдегi жетекшi кәсiпорындарының жұмысымен танысқан делегация мүшелерi аймақтағы шаруашылықтың даму қарқыны зор екендiгiн атап өттi.

Қаралым саны: 1883
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы