A- A A+
Солтүстiк Қазақстан аграрлық саланы әртараптандыру бағытын жалғастырады

Мақаланың шыққан күні 05.03.2019

Солтүстiк Қазақстан аграрлық саланы әртараптандыру бағытын жалғастырады

СҚО әкiмдiгiнiң отырысында көктемгi егiс жұмыстарына дайындық барысы пысықталды.

Солтүстiк Қазақстанда ауыл шаруашылығын әртараптандыру жұмыстары жалғасуда. Биыл облыста әлемдiк нарықта үлкен сұранысқа ие соя егiледi.

«Биыл 10 мың гектар аумаққа соя егiледi. Келесi жылы оның көлемiн 150 мың гектарға жеткiземiз. Бидайдың аумағын азайтып, жоғары табысты әрi экспортқа бағытталған дақылдарды өсiремiз. Соя үлкен сұранысқа ие, қазiр нарықта 1 тоннасы 150 мың теңге тұрады», — дедi Құмар Ақсақалов.

Жоспар бойынша топыраққа 150 мың тонна минералды тыңайтқыш енгiзiледi, оның көлемi 2,7 млн. га құрамақ.

«Бiз ауыл шаруашылығы саласында табыстарға заманауи технологияларды жүзеге асырудың арқасында жеттiк. Оның iшiнде тыңайтқыштарды қолдану бар. Бiз ел бойынша ең көп тыңайтқыш аламыз. Былтыр 112 мың, биыл 150 мың тонна», — дедi облыс әкiмi Құмар Ақсақалов.

Көктемгi егiс науқанына 13,6 мың бiрлiк техника жұмылдырылмақ. Биыл диқандар 30 млрд.теңгенiң 1600 бiрлiк жаңа техникасын сатып алуды жоспарлап отыр.

Жалпы, биыл егiстiк алқабы 4,9 млн. гектарды құрамақ. Оның 4,1 млн. гектарына ауыл шаруашылығы дақылдары егiледi. Атап айтсақ, 2,8 млн. га бидай, 1 млн. га майлы дақылдар, жемшөп 369 мың га, картоп 37 мың га, көкөнiс 6,6 мың га алқапқа себiледi.

Солтүстiк Қазақстан аграрлық саланы әртараптандыру бағытын жалғастырады

Қаралым саны: 424
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Наурыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

DAMU.KZ — «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы