A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысы — үлкен мүмкiндiктер өңiрi

Мақаланың шыққан күні 27.11.2018

Солтүстiк Қазақстан облысы — үлкен мүмкiндiктер өңiрi

Орталық коммуникациялар қызметiнде СҚО-ның әкiмi Құмар Ақсақаловтың қатысуымен Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында Солтүстiк Қазақстан облысының әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өттi.

Өңiр басшысы атап айтқандай, үстiмiздегi жылы қаңтар-қазан айларында облыс бойынша қысқамерзiмдi экономикалық индикатор жақсы нәтиже көрсетiп, 103,4%-ды құрады.

Солтүстiк Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлерi жақсы нәтижелерге қол жеткiздi. Егiстiк алқаптарды әртараптандырудың арқасында майлы дақылдар егiсi 2 есе өсiп, 9,9 центнер өнiммен 932,2 мың тонна майлы тұқым жинауды қамтамасыз еттi.

«Биыл 19 центнер шығымдылықпен 5,3 млн. тонна астық жиналды. Дәндi дақылдардың жалпы кiрiсi бiр жылда 61 млрд. теңгеге, майлы дақылдардiкi 25 млрд. теңгеге өстi, Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң жалпы көлемi 1,9% өсiммен 464 млрд. теңге болды. Осының бәрi — жоғары технологияларды пайдаланудың, цифрландырудың және минералдық тыңайтқыштарды сiңiрудiң нәтижесi», — дедi Құмар Ақсақалов. Солтүстiк Қазақстан облысының өнеркәсiп саласында да тұрақты көрсеткiш қалыптасуда. Облыс зауыттары 10 айда 200 млрд. теңгенiң өнiмiн шығарды. Солтүстiк өңiрдiң экспорттық көрсеткiшi 20%-ға өстi. Соған сәйкес импорт 10%-ға азайды.

Құмар Ақсақалов облыста бiрқатар iрi жобалар жүзеге асырылып жатқанын айтты. Солардың iшiндегi ең маңыздысы — крахмал, балуыз және биоэтанол өндiруге арналған «Bio Operations» бiрегей зауыты. Жалпы инвестицияның сомасы 11 млрд. теңге. Сонымен бiрге өңiрге тағы салмақты инвестор тартудың жолы түстi. Петропавлда немiстiң «CLAAS» концернi ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын бiрлескен зауыт құрмақшы. 2019 жылы «iрiжелiлi» 100 астық жинау комбайнын, 50 трактор мен 50 себу кешенiн құрастыру басталады.

Облыста Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында белгiленген мiндеттердi жүзеге асыруға арналған жұмыс жүрiп жатыр. Облыс орталығында «қарапайым заттардың экономикасы» принципiмен жұмыс iстейтiн жекеменшiк «өндiрiс аймағы» құрылуда, оған 14 кәсiпорын орналасатын болады. Бұл кәсiпорындар халық тұтынатын тауарлардың 40 түрiн шығарады. Сол сияқты Құмар Ақсақалов «Бизнестiң жол картасы — 2020» бағдарламасының 2025 жылға дейiн ұзартылуы бағдарламаға қатысушылардың жыл сайын 80 млрд. теңгенiң өнiмiн шығаруды, жаңа 3 мың жұмыс орнын құруды қамтамасыз ететiндiгiн атап айтты.

Өңiрде тұрғын үй құрылысына ерекше назар аударылады. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша 1500 пәтер пайдалануға берiледi. «7-20-25» бағдарламасы бойынша алғашқы жарнаны демеуқаржыландыруға жыл соңына дейiн 200 млн. теңге бөлiнедi.

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов ең төменгi еңбекақы көлемiн бiр жарым есе өсiру бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға жеке тоқталды. СҚО-да 144,6 тұрғынның, оның iшiнде 43 мың бюджет саласының және 101,6 мың нақты экономика секторы қызметкерлерiнiң жағдайы жақсарады.

Өңiрдегi басым бағыттардың бiрi — облыс орталығын әрi қарай дамыту және абаттандыру. 8-9 қараша күнi Петропавл қаласында Мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстан мен Ресейдiң ХҮ өңiраралық ынтымақтастық форумы өттi. Форумға дайындалу аясында Петропавлды абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Облыс әкiмi үстiмiздегi жылы қалада жаңадан «Жас Өркен» және «Солнечный» шағынаудандары бой көтергенiн атап айтты. Президенттiң тапсырмасы бойынша, республикада балаларға арналған алғашқы көпбейiндi IТ- орталығы салынды, ол балалардың демалысы мен зияткерлiк даму орнына және солтүстiкқазақстандықтардың мақтан тұтар мекенiне айналады.

«Орталықта ең кiшкентай балаларға арналған ойын-сауық орталығы мен орта жастағы оқушылар үшiн танымдық үйiрмелер бар. Жоғары сынып оқушылары үшiн заманауи оқу-зертхана жабдықтары орнатылған. Бұл — балалар мен жастарға арналған болашақ технологиясының бiрегей кеңiстiгi. Онда бiр мезгiлде 1800 бала пайдалы iспен айналыса алады. Ол Қазақстан балалары үшiн ғана емес, Ресей Федерациясының шекаралас өңiрлерiне де тартымды болмақ»,- дедi Құмар Ақсақалов.

Қалада Қазақ театрының құрылысы жоспарланған, 2 мектептiң және көпбейiндi аурухананың, өңiрлiк ЖОО-ның жаңа корпусының және 2 жатақхананың, облыс орталығындағы колледждер үшiн 3 жатақхананың құрылысы жүргiзiлуде.

Өңiрде облыстың экономикалық дамуының құрамдас бөлiгi ретiнде туризм мәселесiне ерекше назар аударылады. Туристерге Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша ең тартымды жер — терiскейдiң iнжу-маржаны саналатын Имантау-Шалқар аймағы болып табылады. Ол бiздiң елiмiздегi 10 басым бағыттардың бiрiне енгiзiлген.

«Онда тамаша емдiк қасиетi бар экологиялық таза Имантау және Шалқар көлдерi орналасқан. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Имантау-Шалқар курорт аймағын дамытудың жеке жоспары әзiрлендi, Астана және Ресей Федерациясы бағытындағы жолдарға күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi», — дедi Құмар Ақсақалов.

Сөзiнiң соңында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Мемлект басшысының тiкелей тапсырмасы бойынша әзiрленген әлеуметтiк-экономикалық дамудың 2018-2021 жылдарға арналған кешендi жоспары жаңа серпiн беретiндiгiн атап айтты.

«Жоспар өңiрдегi инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша 12 бағыттан, әлеуметтiк сала нысандарының құрылысынан, көлiктiк және инженерлiк коммуникацияларды дамытудан, агроөнеркәсiп кешендерiнде ұқсату қуаттылығын арттырудан, қорғаныс-өнеркәсiп кешендерi кәсiпорындарын жаңғыртудан тұрады», — дедi Құмар Ақсақалов.

Мысалы, өңiрде 48 шараны жүзеге асыру көзделуде, ол 2021 жылға дейiн 14 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкiндiк бередi. Кешендi жоспарда СҚО-да сомасы 300 млрд. теңгеден асатын инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қарастырылған.

Солтүстiк Қазақстан облысы — үлкен мүмкiндiктер өңiрi

Қаралым саны: 571
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Желтоқсан 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Астана — Ұлы дала елордасы«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2018 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы