A- A A+
Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
2018 жылы тегiн дәрi-дәрмектер үшiн мемлекет қанша қаражат бөледi

2018 жылы тегiн дәрi-дәрмектер үшiн мемлекет қанша қаражат бөледi

ҚазАқпарат — Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi 2018 жылы тегiн амбулаториялық дәрi-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша қаржыландыруды өткен жылмен салыстырғанда 38 процентке арттырмақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тiлшiсi ведомствоның баспасөз қызметiне сiлтеме жасап.

2017 жылдың шiлде айында медициналық қызметтiң сапасы бойынша Бiрлескен комиссияның шешiмiмен және Денсаулық сақтау министрiнiң бұйрығымен 2018 жылға арналған медициналық тегiн көмектiң кепiлдендiрген көлемi мен мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiнде тегiн амбулаториялық дәрi-дәрмектердiң тiзiмi қайта қаралып, кеңейтiлдi. Жаңа бұйрық бойынша халықты дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етуге 106 429 019 926 теңге жұмсалатын болады.

Осы тұста айта кетерлiгi, 2016 жылы дәл осы бағытта 77 194 551 026 теңге бөлiнген болатын. Осылайша, 2018 жылы халықты тегiн дәрi-дәрмекпен қамту бағытында өткен жылмен салыстырғанда қаражат 38 процентке артық бөлiнедi. Тегiн амбулаториялық дәрi-дәрмектердiң тiзiмiн бекiту туралы бұдан бұрынғы, яғни 2011 жылдың 4 қарашасында шыққан ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң м. а. бұйрығына сәйкес, ел тұрғындары аурудың 47 тобы, 6 медициналық өнiмнiң түрi бойынша халықаралық патенттелмеген атаулы дәрi-дәрмектiң 266 түрiмен қамтамасыз етiлген.

Министрдiң жаңа бұйрығына сай, халық аурудың 48 тобы, 6 медициналық өнiмнiң түрi бойынша халықаралық патенттелмеген атаулы дәрi-дәрмектiң 274 түрiмен қамтылмақ. 2018 жылы тегiн дәрi-дәрмектердiң тiзiмi оң әсер ететiнi дәлелденген жаңа препараттармен толықтырылғанын ерекше атап өтуге болады; халықаралық ДСҰ-ның кеңесiне сәйкес, клиникалық тәжiрибеде қолданылмайтын және тиiмдiлiгi төмен дәрi-дәрмектер тiзiмнен шығарылған. Денсаулық сақтау министрлiгi уақыт өте келе стацианорлардағы негiзсiз ем-домды төмендетiп, амбулаториялық деңгейде ауру-сырқаттарды басқарып отыру үшiн тегiн амбулаториялық дәрi-дәрмектердiң тiзiмiн уақыт өте келе кеңейтудi жоспарлап отыр.

Тiзiмдегi жаңа аурудың түрi — аутоимунды сырқаттардың тобына жататын анкилозируемдi спондилит. Бұдан былай анкилозируемдi спондилитпен ауыратын науқастар бiрiншi қатардағы препараттар ретiнде «индометацин» мен «сульфасалазин» атты екi дәрiнi ала алады. Ал екi дәрi әсер бермей жатса, «голимумаб», «адалимумаб» атты тағы екi биологиялық дәрiнi алуға мүмкiндiк бар. Мемлекет аурудың ауыр түрлерiне шалдыққан науқастар мен олардың отбасыларын ерекше көңiл бөлiп келедi.

Мәселен, ем қонбайтын аурулардың түрiне шалдыққан науқастарға паллиативтi көмек көрсету үшiн берiлетiн тегiн дәрi-дәрмектердiң тiзiмi ұзартылған. ХДСҰ-ның кеңесi бойынша Денсаулық сақтау министрлiгi тегiн амбулаториялық дәрi-дәрмектердiң тiзiмiне 15 дәрiнiң түрi мен өнiмiн: кетопрофен; трамадол, морфин, фентанил, преднизолон, дексаметазон, омепразол, амитриптилин, карбамазепин, метоклопрамид, диазепам, бисакодил, спиронолактон, торасемид т.с.с. кiргiздi.

Жаңа өзгерiстерге сәйкес, туберкулез, ВИЧ-инфекция, созылмалы ауруларға берiлетiн тегiн дәрiлердiң тiзiмi кеңейтiлдi. Жаңа бұйрықта балаларға да ерекше ден қойылып отыр. Балалардың арасындағы артриттi жазу үшiн амбулаториялық деңгейде екiншi бағыт бойынша препараттардың тiзiмiне тағы да дәрi-дәрмектер қосылды. Биологиялық препараттардың терапиясының нәтижесiнде, аурудың клини

калық бейнесi жақсарып, ауруханаға жеткiзiлу жағдайы азаяды. Тегiн амбулаториялық дәрi-дәрмектердiң тiзiмiне жүректiң ишемиялық ауруларын емдейтiн заманға сай дәрiлер енгiзiлген. 2018 жылы статин («аторвастатин») тобынан дәрi-дәрмектер кiргiзiлген. Статиндердi қолдану арқылы жүректiң ишемялық аурулары азайып, инфаркт алу жағдайы төмендейдi.

Сонымен бiрге, жаңа бұйрық негiзiнде гематологиялық ауруларды емдеуге арналған дәрi-дәрмектердiң саны бұрынғыдан 11-ге артты. Тегiн амбулаториялық дәрi-дәрмектермен қамтамасыз ету бұйрығында қаржыландыру жағынан республикалық деңгейде және жергiлiктi деңгейде ақша бөлу тәртiбi өзгерiссiз қалдырылды.

Мақаланың шыққан күні 07.08.2017
Қаралым саны: 719
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Тамыз 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы