A- A A+
Солтүстiк Қазақстанда заманауи қазақ мектебi ашылды

Мақаланың шыққан күні 30.08.2019

Петропавлдағы «Береке» ықшам ауданында 600 орындық жаңа қазақ мектебi қолданысқа берiлдi. Бұл жайында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Facebook желiсiндегi жеке парақшасында жазды.

«Құрметтi солтүстiкқазақстандықтар, сiздердi елiмiздiң Конституция күнiмен құттықтаймын. Мереке күнi облысымызда әлеуметтiк маңызы бар нысандар ашылуда. Бүгiн «Береке» ықшам ауданындағы 600 орындық жаңа қазақ мектебi қолданысқа берiлдi. Бұл Петропавлдағы соңғы 12 жылда салынған алғашқы мектеп. Дәл осындай 900 балаға шақталған мектеп «Жас Өркен» шағын ауданында салынып жатыр. Мағжан Жұмабаев көшесiнде тағы бiр мектептiң құрылысы басталып жатыр. Жаңа бiлiм ордаларының салынуы үш ауысымдық оқуды жойып, бiлiм сапасын арттыруға септiгiн тигiзедi», — деп жазды Құмар Ақсақалов.

Қазақ тiлiнде бiлiм беретiн мектептiң ашылуы «Береке» тұрғындары үшiн үлкен оқиға. Заманауи мектепте балаларды бiлiм процесiнiң жаңа технологиялары күтiп тұр. Сыныптарда Led экрандар, лингафон және компьютер сыныптары, интерактивтi тақталар бар. Әр баланың өзiне тән жеке тамақтану бағдарламасы болады.

Биыл мектептердi күрделi жөндеуге 5,5 млрд.тг бөлiндi. Республикада 323 бiлiм ордасы жөнделсе, оның 40% СҚО-ның мектептерi. Өңiрiмiздегi оқушылардың тең жартысы, ал бұл шамамен 35 мың бала 1-шi қыркүйекте жаңарған мектепке барады.

«Жалпы, соңғы үш жылда бiлiм саласына бөлiнген қаржы 29% ұлғайды. Бұл тенденция жалғасады. Мектептердiң құрылысына және жөнделуiне қомақты қаржы жұмсау жалғасын табады», — деп сөзiн қорытындылады өңiр басшысы.

Қаралым саны: 586
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қыркүйек 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынҚазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050«Қазақстан — ұлы дала елі»Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинетіНациональная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Қазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ Яндекс.Метрика

@2019 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы