A- A A+
Солтүстiкқазақстандық 30 жас әскер қатарына алынды

Мақаланың шыққан күні 21.09.2017

Солтүстiкқазақстандық 30 жас әскер қатарына алынды

Сарбаздар ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне қарасты шекара әскерiнде Отан алдындағы азаматтық парыздарын атқармақ. Бұл қызметке үздiктердiң үздiгi таңдалады. Жүздердiң iшiнен төзiмдiсi, қырағысы iрiктелiп алынады. Жiгерлi жастарға ғана ел iргесiн берiк күзету тапсырмасы жүктеледi.

Мақсат Мұқанов — СҚО қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментi бастығының орынбасары:

— Жiгiттер шiлде айынан бастап тексерiстен өттi. Жас сарбаздар Алматы облысына қарасты Шонжы елдi мекенiндегi 2435 әскери бөлiмiнде қызмет атқаратын болады.

Әскерге аттанатын жiгiттердiң бiрi — Айдархан Ағыбай. Азамат бiр ай бұрын 22 жасқа толған. Биыл жоғарғы оқу орнын тәмамдапты. Ендi, Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғалы отыр.

Айдархан Ағыбай — әскерге шақырылушы:

— Әр ұл бала Отан алдында қызмет атқаруы тиiс. Осы азаматтық борышымды өтеу үшiн әскерге аттанғалы отырмын.

Болашақ сарбаздарды ата-аналары мен туған-туыстары шығарып салуға келiптi. Олар бауыр етi балаларының көп кешiкпей орталарына оралуын қалайды.

Нұрман Адраков:

— Iнiмнiң баласы әскерге кетiп барады. Жолдары ақ болсын.

Салтанатты шара соңы шағын концертке ұласты. Әскерге шақырылушылар мен жиналғандарға арнап жергiлiктi өнерпаздар ән салды.

Айта кетейiк, күзгi әскерге шақыру науқаны қыркүйек айынан бастау алып отыр. Бүгiнгi күнге дейiн 100 бозбала мiндеттерiн өтеуге аттанған. Желтоқсан айына дейiн тағы 600-ден аса жерлесiмiз елiмiздiң күш құрылымдары қатарына қосылмақ.

http://mtrk.kz/kz/mtra-zhanalyktar/34-news-mtrk/22134-v-petropavlovske-na-srochnuyu-sluzhbu-provodili-30-novobranczev.html

Қаралым саны: 158
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Қазан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау

Біздің аймақтағы тұрмыстың қай саласы өзінің дамуына мұқтаж?

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Дорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»EXPOҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен»«Жұмыс»БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2017 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы